ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

АНТ ҚАБЫЛДАУ ОНЛАЙН ТҮРДЕ ӨТТІ

21:48, 13 шілде 2020

ҚР Ұлттық ұлан 5512 әскери бөлімінде ант қабылдау рәсімі өтті. Елдегі пандемияға байланысты ант қабылдауға ата-аналар қатыстырылмады. Олар балаларының отан алдындағы антын әлеуметтік желілер арқылы тамашалады.

Қиын қыстау шақта, қайсарлық танытып Отан алдындағы борышын өтеуге келген жас сарбаздардың бірі  – Мұратбек Нәкен. Әскер қатарына Нұр-Сұлтан қаласынан шақыртылған. Отан алдындағы борышын өтеу – әр азаматтың парызы, дейді. Мұратбектің де жақындары ант қабылдау рәсімін онлайн түрде тамашалады.

Мұратбек Нәкен, жас сарбаз:

Отанды қорғау әр азаматтың парызы, азаматтық борышы деп есептеймін. Құрметті офицерлер және сержанттар. Сіздерге 2020 шақырылым атынан бізді бір ай оқытып, тәрибелегендеріңізге алғысымыз шексіз. Қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

Ал, Дамира Бейсенова ұлының ант қабылдау рәсімін көру үшін Маңғыстау облысынынан келген. Ант қабылдау рәсімі онлайн түрде өтетінін білсе де, ана жүрек, баласынының ел алдындағы ант беру салтанатын көргісі келген. Алайда, елдегі ахуалға байланысты ант қабылдау рәсімін әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы бақылады.

Дамира Бейсенова, ата-ана (Маңғыстау облысы):

Балам Берікбаев Нұрлыбек бүгін ант қабылдап жатыр. Соны көрем бе деп келіп едім. Карантинге байланысты онлайн көріп отырмын., инстаграмнан онлайн көріп отырмын. Қуаныштымын! Баламның осындай ант қабылдап, еліне қызмет жасап жатқанына, үлкен азамат болғанына Аллаға шүкір деп қуаныштымын!

Еліміздің 6 өңірінен барлығы 150 сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуге келіпті.  Әскери бөлім қызметкерлері сертіне адал, қызметіне жауапты сарбаздар шығатынына сенімді.

Аңсар Шәкенов, 55/12  әскери бөлімшесінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстарының бастығы:

Біздің ата-бабаларымыз әрқашан Отанға, антқа берік ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсетіп, өздерінің әскери борышын адал орындаған. Бүгінде осы өнегелі дәстүр ұрпақтан ұрпаққа ауысып, жалғасын табуда. Сондықтан әскер қатарына келіп, отаныма, туған халқыма адал қызмет етемін деп сөздеріне берік болып, абыроймен қызмет ететіндеріне сенім білдіреміз.

Елде әскер қатарына жастары 18 ге толған, 27 ден аспаған ер азаматтар шақырылуы тиіс. Олар медициналық комиссияның қорытындысы бойынша әскери борыштарын өтеуге жарамды деп танылса ғана Отан алдындағы міндеттерін өтейді.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
20:30, 9 тамыз 2020
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...