ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

АҢШЫЛЫҚ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

20:12, 10 қыркүйек 2019

Аңшылық маусымы басталғанына үш күн болғанына қарамастан осы аралықта 30-ға жуық заң бұзушылық анықталды. Заңды белден басатындарға он мыңнан бастап 40 мың теңгеге дейін айыппұл салынады.

Ел аумағында аң құстар атып, күзгі саятшылық жасауға 7-қыркүйектен бастап рұқсат берілді. Құс аулау қарашаның соңына дейін жалғасады. Науқан басталған 3 күн ішінде 30 заңбұзушылық тіркеліп отыр. Көбінесе адамдар, рұқсат қағазын алмай мылтық асынып көлдер мен тоғайға тартады. Мәселен, Екібастұз қаласының 3 тұрғыны Атығай көлі маңында рұқсат қағазсыз құс аулаған. Сондай-ақ 8 тұрғын аңшылыққа шығып, ішімдік қолданған. Барлығына да 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып,  әкімшілік хаттамалар толтырылы.


Жасқайрат Қайыров, облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:
Аңшылық науқаны басталғанда. Аң аулаған кезде арақ ішімдік ішуге болмайды. Құжатсыз болған жағдайда. Және тағы басқа фактілер тіркелген. Ол ату мезгілі өткен соң қару жарақты бұзбай сол бойымен әкелу. Сол бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен ұлттық саябақтарда аңшылық жасауға болмайды. Бірінші рет заң бұзғандарға  5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл  салынса, біреше рет қайталанған жағдайда жаза мөлшері 40 мың теңгеге дейін артады.  

Әйгерім ТОҚПАНҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...