ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

АНАЛАР КҮНІ

19:40, 27 қыркүйек 2020

Елбасы: күздің бір тамаша күні, егін жиналып болған соң, тоқшылық кезеңінде аналар мерекесін өткізуді ұсынған. Осы ретте қыркүйектің әр үшінші жексенбісі «Ана күні» деп белгіленді.

Отбасының негізгі тірегі – ата-ана. Ал, ана – әлемнің жарығы. Адамзат баласына жарық дүние сыйлайтын асыл жан. Елбасы, Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы жарлығымен елімізде «Аналар күні» мерекесі тойланып келеді. Ал, арнамыздың тілшілері тосыннан аналарын құттықтады.

Мейрам қарсаңында павлодарлық жастар да  аналарын мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.  

Ақ жаулық иелері – қай қоғамда болмасын, отбасының ұйытқысы.  Олар - күллі әлемнің тіреуіші іспеттес. Шаңырақтың шаттығына айналған асыл жандарға біздің елде де құрмет жоғары. Ақ жаулығының қадірі мен  ақ босағасының қасиетін білетін аяулылардың мерекесі  жыл сайын қыркүйек айының үшінші жексенбісі тойланып келеді.

 

Бахытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар