ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

АЛЫСТАН КЕЛГЕН АҒАЙЫН

22:58, 22 қазан 2020

Бүгінгі күнге дейін Павлодар ауданына оңтүстіктен 25 отбасы көшіп келген. Жыл соңына дейін жалпы 28 жанұя қоныс аударады деп күтілуде. Оларға қандай жағдайлар жасалып жатыр? Бұған қоныс аударушылардың көңілі тола ма?

Құрмет Жүсіп пен Әмина Ахметжанқызы осыдан 3-4 күн бұрын Алматы облысы Ескелді ауданынан Заря ауылына көшіп келді. Ол жақта отағасы жүргізуші болса, келіншегі тырнақ әрлеуші болып еңбек еткен. Бағдарламаны естіген соң көшіп келуге бірден келісіпті. Қазір үлкен балалары мектепке орнығып үлгерген. Үй иелері болса, бірнеше күн жинақталып, ұсынылған жұмысқа  шығуды көздеп отыр. Қора салып, мал шаруашылығымен айналысу да жоспарда бар.  

Әмина Ахметжан, қоныс аударушы:

Алматы облысында мен баламен отырдым, жолдасым сыртта жұмыс істеді. Үй салынып, үкімет беріп жатыр екен. Осы жаққа келдік. Мал енді. Қора жоқ қой. Қора салынғасын, ақырын көретін шығармыз. Барынша туыстарды, туған тустарды шақыруға тырысамыз. Енді тұрақтап қалайық деп келдік қой осы жерге. Ақырын осы жерде көктеп, көгерсек деп келдік.

«Еңбек» бағдарламасы аясында берілген екі пәтерлі үйлерде тұруға барлық жағдайлар жасалған. Көшіп келіп, еш алаңсыз тұруға болады. Бұндағы жағдай қала үйлерінен кем емес.

Самал Қалиқызы, тілші:

Оңтүстіктен қоныс аударушыларға бұл үйлерде барлық жағдай жасалған. Үйлері кең, жарық. Ыстық, суық су тартылған. Электр жарығы да өткізілген. Ең қуантатыны, әр үйде осындай пеш жағатын жеке бөлме бар.

Мұрат Мүбәрәктің жанұясы да алыстан қоныс аударған. Ол әйелі Гүлжаз Қайсапанқызымен, ұл-қызымен Павлодар ауданына Алматы облысы Ақсу ауданынан бір апта бұрын көшіп келді. Жағдай біртіндеп жасалып жатыр, деп қуанып отыр. Келіншегі тігінші, ал Мұрат өзі егіншілікпен айналысуды жоспарлауда.    

Мұрат Мүбәрәкұлы, қоныс аударушы:

Ол жақта жұмыс болды. Үй  де болды. бірақ жер мәселесі біраз болмады. Мына жақта жер кең, мал бағатын мәселесі болмады. Жаңадан үй беріледі дегесін келдік. Болашақ бар ұрпақтарға дегесін көштік.

Павлодар ауданына осылайша жыл басынан 25 отбасы көшіп келді. Қоныс аударған 108 адамға тиісті көмек көрсетіліп жатыр.

Нұрсұлу Тұрлыбаева, аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы:

Біздің Павлодар ауданында қоныс аударышуларғ арналған 8 екі пәтерлі жаңақала, кемеңгер, мучирино, зарядан сатып алынды. Заряда үш пәтерге кірді. Мичурин, Кемеңгер, Жаңа қала ауылына көшіп келеді.

Әр ауылда екі пәтерлі екі үйден бар. Олардың жалпы саны 16. Жылдың соңына дейін Павлодар ауданына тағы 4 отбасы көшіп келеді деп жоспарланып отыр.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар