Алдағы уақытта еліміздің Ата заңына өзгертулер енгізілетін болады

16:38, 15 ақпан 2017

Алдағы уақытта еліміздің Ата заңына өзгертулер енгізілетін болады. Бұл жайлы Елбасы өзінің Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде айтқан. Президент бүкілхалықтық талқылауға шығарған Конституциядағы өзгерістерді депутаттар, қоғам қайраткерлері, жастар жағы жан-жақты зерделеп, оның өзектілігіне қатысты ой өрбітуде. Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістердің еліміз үшін мән-маңызын тілшіміз екшеп көрді.

Елбасының Қазақстан халқына арнаған Үндеуінен кейін жерде-жерде Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер жайын талқылаулар басталып кетті. Саясаттанушы Ғани Елмұратов бұл бастаманы Қазақстанды демократизациялау жолындағы маңызды қадам деп санайды. Өйткені, президенттік биліктің біразы Үкімет пен Парламентке берілсе, Қазақстандағы басқару жүйесі жаңа сипатқа ие болмақ.

Конституцияда өзгеріске ұшырауы мүмкін тағы бір бап бар. Азаматтар арасында біраз сұрақтар тудырып жатқан 26 баптың тағдыры әлі белгісіз. Оның 1-ші тармағында «Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады» делінген. Осы тармақтығы «Қакзақстан республикасының азаматы» деген сөздің орнына «Әркім» деген балама ұсынылуда. 

Бұл ретте, қоғам белсенділерінің ойы бір жерге түйіспей тұр. Біреулер бұл баптың өзгертілуін құп көрсе, енді бірі 26 баптың сол күйі қалуын қалайды. 

Ал, Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Құсайынов қауіптенудің қажеті жоқ екенін айтады. Халық қалаулысы, Елбасы жер дауына қатысты 5 жылға мораторий жариялағанын еске салды. 

Ел Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық референдум арқылы қабылданды. Бүгінгі күнге дейін Конституцияның 98 бабының бірнеше тармақтары өзгертілген. 

Тақырып бойынша материалдар

Студенттерге «Серпін серпілісі» атты апталық экскурсия ұйымдастырылды
19:00, 18 қазан 2017
Студенттерге «Серпін серпілісі» атты апталық экскурсия ұйымд...
Толығырақ...
Біздің облыста Контрафактілі тауарлардың көзін жою барысында қандай жұмыстар атқарылуда?
18:57, 18 қазан 2017
Біздің облыста Контрафактілі тауарлардың көзін жою барысында...
Толығырақ...
Павлодарда мемлекеттік қызмет түрлерінің жәрмеңкесі өткізілді
18:55, 18 қазан 2017
Павлодарда мемлекеттік қызмет түрлерінің жәрмеңкесі өткізілд...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Шаңырақ» байқауының өңірлік үздіктері марапатталды
19:37, 13 қазан 2017
«Шаңырақ» байқауының өңірлік үздіктері марапатталды
Толығырақ...
Павлодарда 50-ден аса жол айрығы жөндеуді талап етеді
19:18, 13 қазан 2017
Павлодарда 50-ден аса жол айрығы жөндеуді талап етеді
Толығырақ...
ҚР ОСК бақылаушылары қырғызстанға бармайды
19:15, 13 қазан 2017
ҚР ОСК бақылаушылары қырғызстанға бармайды
Толығырақ...