ШҰҒЫЛ! ЕРТІС ӨҢІРІНІҢ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ЖАЙЛЫ Толығырақ

АҚТОҒАЙДА «ЗАМАНАНЫҢ БҰЛБҰЛЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

20:47, 10 тамыз 2018

Ұлы даланың ұлдарын ұлықтаған дүбірлі той әлі жалғасуда. Ақтоғай ауданында «Замананың бұлбұлы» атты облыстық ақындар айтысы өтті. Айта кетері, Ақкөл Жайылма атырабында туғанымен, ақынға ерке Ертістің жағасында, қазіргі Естай ауылы маңынан топырақ бұйырған.

Қайыржан Төлекұлы Естай бабамыздың ұрпағы. Беркімбаймен бірге туысқан Жарқынбайдан тараған. Қазіргі таңда Ақтоғай ауданындағы Естай ауылында тұрады. Ауданның құрметті азаматы – ұлы тұлғаның ұрпағы болғаныма мақтанамын,- дейді.

ҚАЙЫРЖАН ТӨЛЕКҰЛЫ, Естайдың шөбересі

Ал енді, міне, қалық сыйлап, ылғи тойлап жатыр. Ана жылы тағы тойлаған 125 жылдығы деп. Жуырда Қаражар басында туған жеріне барып еді, бүгін міне тағы келдіңіздер. Көптен-көп рахмет, ақындар әкеліпсіздер айтысқа. 

«Өлі разы болмай, тірі байымас» - деген. Әуелі ел ағалары бірігіп, Естай бабамыздың жатқан жерінде құран бағыштады. Сазгердің кесенесі осыдан жиырма бес жыл бұрын жөндеуден өткен. Араға ширек ғасыр салып, қайта жаңартылыпты. Мерейтой қарсыңында аудан әкімдігі демеушілермен бірге кесененің алдына тас жабындыларын төсеген. Алдағы уақытта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында күмбезін ауыстыру жоспарланған.

БЕЙСЕНБІ МҰҚАЖАН, айтыскер ақын

Негізгі мақсат: біздің осы Естай бабамызды келесі ұрпаққа таныстыру болды. Жалпы Естай бір елдің немес бір рудың адамы емес, ол бүкіл қазаққа ортақ тұлға. Сір қараңыз, естайдың Құсни-Қорлан әнін сонау музыканың отаны италияндықтар тыңдағанда, көрермендер сілтідей тынған деседі. Сондықтан бұл – әннің құдіреті. 

Осы орайда қызметіне енді кіріскен жаңа әкім жұмысын халықты рухани жаңғыртудан бастады. Дүбірлі той қарсаңында облыстың сен тұр, мен атайын,- деген жүйректерін топқа қосты.

Биылғы жыл еліміз үшін айтулы, айшықты оқиғаларға толы. Артынан өшпес мұра қалдырған ұлы тұлғаларды әр аудан жеке-дара ұлықтаған еді. Енді, міне, ұлтының рухын асқақтатқан ұлы тойды Ақтоғай ауданы ерке Ертістің жағасында облыстық ақындар айтысымен жалғастыруда. Жүйріктерге арқау болған тақырып, замананың бұлбұлына айналған Естай Беркімбайұлының мерей тойы. Он ақын бес жұпқа бөлініп сынға түсті. Сүбелі сөзбен кесек сөйлеп, айтысты аңсаған халықтың шөлін бір қандырды.

БЕЙБІТ БӨЖЕН, айтыскер, қазылар алқасының мүшесі

Бұл айтыстың ерекшелігі: облыстың аудандарынан қазіргі күні жырды тізгіндеп жүрген, аузымен құс тістеген ақындар келіп отыр. Негізінен әннің еркесі, әннің патшасы болған кезінде бір ғана  Қорлан әні қазіргі таңда махаббаттың символдық әніне айналған Естай атамыздың аруағына арналған айтыс.

Бұл жолы бас бәйге Ақтоғай намысын қорғаған Рауан Қайдаровқа бұйырды. Ал, Тілек Сейітов Екібастұз қоржынына бірінші орынды салды. Ақтоғайдың арланы Азамат Мұқажанов екінші орынды еншілеп, Абзал Қабдраш үшінші орынды қанағат тұтты.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ДӘУРЕН АБАЕВ: ШЕРХАН МҰРТАЗА ІЗЕТТІЛІК ПЕН ЗИЯЛЫЛЫҚТЫҢ ҮЛГІСІНЕ АЙНАЛҒАН ТҰЛҒА
18:45, 11 қазан 2018
ДӘУРЕН АБАЕВ: ШЕРХАН МҰРТАЗА ІЗЕТТІЛІК ПЕН ЗИЯЛЫЛЫҚТЫҢ ҮЛГІС...
Толығырақ...
ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНДА ҚАЛАНЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУДА БІРЕГЕЙ ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
19:04, 10 қазан 2018
ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНДА ҚАЛАНЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУДА БІРЕГЕЙ ЖОБА ҚОЛҒА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар