Ақсу жылу маусымына дайындалуда

17:37, 3 тамыз 2017

Ақсу ауылдық аймағының алдағы жылу маусымына дайындығы қандай? Аталмыш өңірді алты ай қыста тоңдырмау үшін қандай шаралар қолдануда? Энергиялық блоктар мен жылу қазандықтары алдағы қысқа дайын ба? Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов Ақсу қаласына іс сапары барысында жергілікті атқамінерлерден осы сұрақтарды төтесінен қойып, жылу масымына дайындық барысына талқылады.

Сапар барысы ЕЭК энергиялық блоктарының және Ақсу ферроқорытпа зауытыны станцияларындағы дайындық жұмыстарын көруден басталды. Қысы ұзақ қаһарлы өңір жаз келісімен келсі қысқа дайындықты бастайды. Биыл да ЕЭК-сы кем-кетіктерін түзеп, энергиялық блоктарға жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан көрінеді.  Бұнда жылу маусымына дайындық барысында 20 –дан астам шара жоспарланып, кейбірі  іске асуда. Олардың көбі энергиялық блоктарды жөндеу жұмыстары. Мәселен, номері бірінше энериялық блогына орташа деңгейдегі жөндеу, номері екінші энергиялық блокқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Ал, номері алтыншы және 8-энергиялық блоктары қазіргі уақытта қалпына келтірілуде. Өткен жылу маусымында кейбір станцияның энергиялық блкоктары сыр беріп те үлгерген екен.

ҚАРШЫҒА АРЫНОВ, Ақсу қаласы әкімінің орынбасары

Энергиялық блоктардан бөлек, жылу қазандықтарына да көңіл бөлінуде. Кейбір ауылдың мәдени ошақтарында да жылу қазандықтарын ауыстару жоспарланған. Білім ошақтары бойынша, Погранищник ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектепке, Еңбек және Береке ауылдарының мектептеріне жылу қазандықтары орнатылған.

ҚАРШЫҒА АРЫНОВ, Ақсу қаласы әкімінің орынбасары

Басқа басқа білім мекемелерінің жөні бөлек. Өйткені, онда күздің алғашқы айында білім маусымы басталып, балар мектепке келеді. Арада ай өтісімен қылышын сүйретіп қыс та жетеді. Сол куезде балалар абдырап қалмауы керек. Сондықтан, Дүйсенбай Тұрғанов білім мекемелеріндегі жұмыстардың дер кезінде аяқталуын қатаң тапсырды.

ДҮЙСЕНБАЙ ТҰРҒАНОВ, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары

Енді коммуналдық мекемлердің көмірмен қамтылу мәселесі де жиын барысында айтылды. Қазіргі уақытта ақсу ауылдық өңірі бойынша, денсаулық сақтау мекемелеріне 333 тонна көмір, мәдени мекемелерге 869 тонна көмір жеткізілу жоспарланып отыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

Павлодарда «Ақ кеме» драмасының тұсаукесері өтті
18:06, 23 қазан 2017
Павлодарда «Ақ кеме» драмасының тұсаукесері өтті
Толығырақ...
Ленин кентінде 50 жыл бойы шешілмей келген түйткілдің түйіні тарқатылды
18:03, 23 қазан 2017
Ленин кентінде 50 жыл бойы шешілмей келген түйткілдің түйіні...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Павлодарлық кәсіпкерлер жаңа өндіріс орындарын ашпақ
18:49, 18 қазан 2017
Павлодарлық кәсіпкерлер жаңа өндіріс орындарын ашпақ
Толығырақ...
Студенттерге «Серпін серпілісі» атты апталық экскурсия ұйымдастырылды
19:00, 18 қазан 2017
Студенттерге «Серпін серпілісі» атты апталық экскурсия ұйымд...
Толығырақ...
«Туған жер» бағдарламасы аясында жасалған домбыра
19:05, 17 қазан 2017
«Туған жер» бағдарламасы аясында жасалған домбыра
Толығырақ...