ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

АҚҚУЛЫ ЖАСТАРЫ БАС ҚОСТЫ

19:41, 29 қараша 2019

Аққулы ауданы өңіріміздегі әлеуметтік-экономикалық жағынан үздіктер қатарында. Бұл мекеннің жастары да белсенді. Түрлі облыстық, республикалық деңгейдегі шараларға белсенді араласады. Бүгін аудандық мәдениет үйінде жастар жылының қорытындысы шығарылды. Жастар форумы барысында ауылдың дамуына үлес қосып жүрген белсенділер марапатталды.

Форум басы жас шеберлердің көрмесінен басталды. Көрмеге «Жас кәсіпкер» жобасы аясында мемлекеттік грант алып, кәсіптерін ашып отырған жастардың қолөнер бұйымдары қойылған. Әлия Қазбекова мемлекеттік бағдарлама арқылы 505 мың грант алған жандардың бірі. Қазіргі таңда балаларға арналған жастықтар тігумен айналысады.

Әлия Қазбекова, жас кәсіпкер:

Мен Аққулы ауданында апрель айында оқыдым. 20 күндік оқу. Тегін. Ақырында грант алдық 505 мың теңге. Грантты екі ай бұрын алдық. Сол екі айдың ішінде тігін машинасы мен вышивкаға арналған машинка сатып алдым. Мынадай вышивкаларды жасайтын.

Бұдан бөлек биыл Аққулы ауданына келген жас мамандардың да қарасы қалың. Оларға аудан басшылығы да көп көңіл бөледі. Бұл жиын барысында аудандық аурухананың жас дәрігерлері ақшалай марапатқа ие болды. Нақтырақ айтсақ, аудан әкімінің 500 мың теңге көлеміндегі гранты табысталды.

Ақмарал Бибіжанова, жас маман:

Алғысым шексіз сіздерге. Жас мамандарды осылай қолдап, сый-сияпаттарды осылай көрсетіп отырғандарыңызға рахмет. Мен осы жылы Семей қаласында бітірдім. Аққулы ауданына жас маман ретінде келдім. Мамандығым терапевт.

Сонымен қатар, ауданның белсенді жастары мен спортшылары да назардан тыс қалмады. Форумның негізгі мақсаты жастар жылын қорытындылау, жеткен жетістіктерді жария ету.

Ерболат Шәкіров, аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:

Бүгін міне Аққулы ауданымызда үлкеніс шара өтіп жатыр. Президент күні қарсаңында жастар форумы. Жастар форумы жыл бойы жастар жасаған жұмыстарының қорытындысын жасап, жақсы белсенді қатысқан, аудан өміріне, облыс өміріне қатысқан жастарды марапаттау рәсімі өтіп жатыр. Бұл енді мереке қарсаңында ұйымдастырып отырған іс шара.

Аққулы ауданында 2 мыңнан астам жас бар. Оның барлығы қоғам өміріне белсенді араласады. Биылғы жылдың өзінде «Бизнес бастау» жобасы негізінде 29 жасқа дейінгі жастарға 200 АЕК көлемінде 55 грант үлестірілген.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
16:57, 29 қараша 2019
14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
Толығырақ...