ШҰҒЫЛ! «МАЙДАН ЖОЛЫ» ЖАСАҒЫ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ Толығырақ

АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАН ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІҢ КӨЛІКТЕРІ АЙЫП ТҰРАҚҚА ҚОЙЫЛДЫ

20:22, 11 наурыз 2019

Павлодар полицейлер сот орындаушылармен бірге өткізген рейд барысында айыппұлдан жалтарып жүрген екі жүргізушіні ұстады. Олардың бірінде мемлекетке 300 мың теңгеге жуық қарызы болса, екіншісі 500 мың теңгеден артық төленбеген айыппұлы болған. Полиция екі азаматтың көліктерін айып тұраққа қамады.

Павлодарлық полицейлер азаматтардың құқық бұзушылық жасағандары үшін  салынған айыппұлдарды өндіріп алу үшін түрлі шаралар тұрақты түрде өткізіп келеді. Рейд барысында екі көлік иелерінің көп уақыттан бері айыппұлдан жалтарып жүргені белгілі болды. Мәселен, «ВАЗ 21140» маркалы көлік иесі 11 рет әкішілік айыппұл төлемеген. Оның берешегі 228.475 теңге болса, «Тойота Грация» автомашинасының жүргізушісінде жалпы соммасы 587 мың теңге қарызы бар екені анықталды. Борыштан жалтарғыштардың көліктерін полицейлер айып тұрағына қойды. Қарыз өтелмейінше темір тұлпарлар босатылмайды.  
 

Жанна Біләлова, облыстық полиция департаментінің ресми өкілі

Барлық әрекеттері мен жасаған құқықбұзушылықтарын қаперге ала отырып, полиция қызметкерлері олардың автөкөліктерін Павлодар қаласындағы айыптұрағына қойды.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ БИЗНЕСТЕГІ КЕДЕРГІЛЕРДІ ЖОЮ
19:19, 21 мамыр 2019
ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ БИЗНЕСТЕГІ КЕДЕРГІЛЕРДІ ЖОЮ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар