ШҰҒЫЛ! КУТУЗОВ КӨШЕСІ ТАРИХ ҚОЙНАУЫНА КЕТТІ Толығырақ

«АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ ТҰРҒЫН ҮЙ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

21:20, 7 тамыз 2018

Павлодарда тұрғын үйлерді жаңғырту жұмыстары жалғасуда. «Аймақтарды дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған кезекті күрделі жөндеу шаралары Гагарин көшесі, 52 мекен-жайында орналасқан бес қабатты үйде жүргізілді. Пәтер иелерінің ортақ келісімімен төбе жабындысынан бастап, жертөледегі құбырларға дейін жаңартылған.

Төбеге су жиналса, әлекке түсетін мына үйдің жоғарғы қабатындағы тұрғындар ондаған жылдар бойы жауын-шашын салдарымен жеке-жеке күресіп келген. Енді міне, жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде, ортақ мәселенің оңтайлы шешімі табылды.

ӘМИНА НҰРҒАЛИЕВА, Гагарин к-сі, 52 үйінің тұрғыны

Ана жер барлығы ашық-тесік болған, су ағатын. Төбесінен су ағатын. Менің таныстарым тұрады 5 қабатта, төбелерінен су ағатын. 

Шатырмен қатар, үйдің шеткі төсеніштері қалпына келтірілді. Автоматтандырылған жылу пункті мен жылдам су жылытқыш орнатылып, жылыту және кәріз жүйелері алмастырылды. Мердігер компания жалпы жөндеу жұмыстарына 17 млн теңгеге жуық қаржы жұмсаған. Бұл соманы пәтер иелері 8 жыл бөліп төлейді. Қарыздың толықтай өтелуі кезекті нысанды жаңғыртуға серпін бермек.

ӘНУАРБЕК АМАНОВ, тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жетекшісі

Қазіргі уақытта мамандандырылған уәкілетті ұйым қайтарылма қаражаттар бойынша мәселелерді реттеуде. Қажетті қаржы жиналған соң жөндеу жұмыстарын одан әрі жалғастырамыз.

«Аймақтарды дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл Всеволод Иванов көшесі, 62/1 мекен-жайы бойынша дәл осындай күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған. Сонымен қатар, Тәуелсіздік даңғылындағы 50-ші үйдің ескі лифттері жаңаға алмастырылады.

 

Рымбек ҚАБИДЕН

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАРДА ӨНЕРЛІ ПОЛИЦЕЙЛЕР СЫНҒА ТҮСТІ
20:11, 25 қыркүйек 2018
ПАВЛОДАРДА ӨНЕРЛІ ПОЛИЦЕЙЛЕР СЫНҒА ТҮСТІ
Толығырақ...
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР БИ ЖАРЫСЫНА ДАЙЫНДАЛУДА
15:25, 21 қыркүйек 2018
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР БИ ЖАРЫСЫНА ДАЙЫНДАЛУДА
Толығырақ...
«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ XXV КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
19:46, 20 қыркүйек 2018
«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ XXV КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГОИ БЕЙБІТШІЛІК ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ КЕЛДІ
20:05, 19 қыркүйек 2018
ГОИ БЕЙБІТШІЛІК ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ КЕЛДІ
Толығырақ...
ӘБІЛҚАЙЫР БАЙМОЛДИНГЕ АРНАЛҒАН КІТАПТЫҢ ТҰСАУ КЕСЕРІ ӨТТІ
20:24, 25 қыркүйек 2018
ӘБІЛҚАЙЫР БАЙМОЛДИНГЕ АРНАЛҒАН КІТАПТЫҢ ТҰСАУ КЕСЕРІ ӨТТІ
Толығырақ...