ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

АӘК – КӨПКЕ КҮЛКІ СЫЙЛАДЫ

15:19, 14 маусым 2019

Успен ауданында 2019 жылдың бірініші сәуірінен бастап 60 көп балалы отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Бұл жеңілдік отбасы мүшелері тұрақты жұмыс тапқанға дейін беріледі. Жергілікті атқарушы билік тарапынан тек қана қаржылай көмекпен шектелмей, «Бизнес бастау» арқылы білім беру қарастылырған.

Людмила Берк – 4 баланың анасы. Балаларының барлығы мектепте оқиды. Батапқыда, АӘК алуға өтінім берген кезде бұл санатқа ілікпейміз, деп ойлаған. Ал, қазір қуаныштарында шек жоқ.

Людмила Берк, көп балалы ана:

Мен көп балалы анамын. 4 қызым бар. Бұл менің жолдасым. Атаулы әлеуметтік көмекке іліккенімізге қуаныштымыз. Қиын күндер артта қалды. Енді барлығы жақсы болатынына сенімдімін.

Бұған дейін отағасы Виктор үш жұмысты қатар алып жүрген. Оның өзін аудан орталығында емес, қалаға қатынау арқылы істейді. Атаулы әлеуметтік көмек ала бастағалы қол ұзарып, үй шаруасымен айналысып, денсаулығымызға да қарайлайтын мүмкіндік туды, -дейді кейіпкеріміз.

Людмила  Берк, көп балалы ана:

Мен жұмыссыз болғандықтан жолдасыма үш жұмысты қатар істеуге тура келді. Себебі, қыздарды өсіріп, жеткізу керек. Бірақ, демалыссыз жұмыс істеу, денсаулыққа да зиян. Сондықтан осы күнімізге шүкір дейміз. Қазір отағасы бір ауысыммен жұмыс істейді. Көбінде бізбен бірге болады.

«Бизнес Бастау» бағдарламасы аясында білім алып, Ірі қара мал ұстауды мақсат тұтқан отбасы, кәсібін қазірден бастауды жөн санаған. Ауласында бір бұзаулы сиырдан бастап, тауық, үйрекке дейін бар.

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші:

Успен ауданы бойынша 113 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Оның 60-ы көп балалы отбасы. Солардың бірі Людмила ханым «Бизнес бастау» бағдарламасы аясында білім алып, болашақта өзінің кәсібін дөңгелетуді көздеп отыр.

Аталмыш бағдарлама арқылы тағы да 4 отбасы білім алуда. Оқу мерзімі 1 ай. Курс аяқталған соң 200 АЕК көлемінде қаражат пен біліктілік сертификаты табысталады. Бұл арқылы кәсібінен нәсіп табуға болады. Успен ауданы өңіріміздегі жетекші агро аймақтарды бірі. Мал басын артырамын дегендерге шөбі шүйгін, жері де қолайлы.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...