ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

АӘК БОЙЫНША ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ

12:24, 26 наурыз 2020

Өңірде жыл басынан бері 6 мың аса көп балалы отбасы атаулы әлеуметтік көмекті алады. Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты – атаулы әлеуметтік көмек алудың тәртібі өзгерді. Ағымдағы жылдың 2 тоқсанына өтініштерді қабылдаудың жаңа ережесі бекітілді. Өтініштер енді қалай қабылданады?

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мамандарының айтуынша, мұндай қадам – коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында енігізілді. Себебі, тұрғындардың денсаулығы мен жеке қауіпсіздігі басты назарда. Сондықтан, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға құжаттарды қабылдаудың жаңа тәртібі іске қосылды.

Гүлнәр Камалова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

Елімізде төтенше жағдай енгізілгеннен кейін, құжаттарды қабылдау қағаз түрінде барынша азайтылып, яғни «проактивті» режимде қабылданады. Әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, халықты жұмыспен қамту орталықтары, қалалық, аудандық, ауылдық округ әкімдіктері өтініш беруші тараптарға телефон соғу арқылы, рәсімдеу жұмыстарын жүргізеді.
Әлеуметтік жәрдемақыны алу үшін өз табыстарын жасырып қалған азаматтар мемлекет қазынасына оларға төленген жәрдемақыны қайтаруы тиіс. Мәселен, өткен жылы 46 отбасы мемлекеттен табысын жасырып, әлеуметтік көмекті негізсіз алған.

Айнұр Мұқашбекова, қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі аәк тағайындау секторының меңгерушісі:

Бүгінде таңда, соның ішінде 46 отбасы өз еркімен 52 миллион теңгеге ақшалай қаражатты қайтарған болатын. 2 сот ісі жүргізілді. Сот шешімі бойынша өтініш иелеріне 500 мың теңгеден төлеу міндеттелді. әрбір өтініш иесінің жағдайына қарап, кесте жасаймыз. Айтамыз: Сіз ең бастысы сіз төлеңіз, сізді сотқа апарамыз деген мақсат жоқ. Біз әрбір отбасының жағдайына қарап шешім қабылдаймыз. 

Айта кетерлігі, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында облыс бойынша 3487 отбасынан 15 мың адамға құны 364 миллион теңге болатын атаулы әлеуметтік көмек төленді. Әлеуметтік қолдау мен кепілдендірілген пакет кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар жанұяларға тиесілі.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

«КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕС» ӘНІ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
11:55, 6 сәуір 2020
«КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕС» ӘНІ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...