ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

АӘК: АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖИЫНТЫҚТАРЫ

12:26, 12 ақпан 2020

2020 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тәсілі іске қосылды. Азық-түлік және гигиеналық заттардан жинақталған қалталар 10-шы ақпаннан бастап берілуі керек еді. Алайда, аз қамтылған және көп балалы отбасылар өздеріне тиесілі дорбаларды әлі алмапты. «Ertis» телерансының редакциясына осы мәселеге байланысты сұрақтар келіп түсп жатыр.

2020 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа әдісі жұмыс істей бастады. Отбасындағы әрбір балаға арнайы ақшалай көмек төленіп және айына бір рет азық-түлік, сондай-ақ, гигиеналық заттар жиынтығы берілетін болады. Дорбаларда жармалар мен қоспалардың жеті түрі топтастырылған. Осыған дейін, сала мамандары 10 ақпанға дейін барлық құжаттар рәсімделіп, отбасылар азық-түлік жиынтықтарын ала бастайды деді.

Жанат Қасымов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы:

Бұл процедурада барлық заңды әрекеттерін жүзеге асыру үшін 5 күнді қажет етеді. Осыдан кейін мемлекеттік сатып алу туралы заң бойынша тапсырыстарды жеткізушілерге 15 күн бекітіледі. Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа бағыты бойынша, көп балалы отбасыларға көмек наурыз айының басында көрсетіледі.

Қазіргі уақытта қала және аудан басшылары тапсырыстарды жеткізуші компаниялармен келісім шарт жасауда.

Жанат Қасымов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы:

Қала және аудандардағы  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері тиімді ұсыныстарды беретін ұйымдармен өздігінен құжаттар жасауда. Біз өз тарапымыздан жасалған келісім-шарттарға мониторинг жүргіземіз. Сонымен қатар, ай сайын көрсетілген қызметтерге де сараптама жасалады.

Алдын-ала есеп бойынша, павлодарлық балаларды кепілдендірілген әлеуметтік жиынтықтармен қамтамасыз ету үшін аймағымызға 500 миллион теңге көлемінде қаражат қажет. Жалпы, облыс бойынша жылдың алғашқы жартжылдығында 7500 бала өздеріне тиесілі әлеуметтік қалталарын алады. Айта кетерлігі, көмек алушылардың саны алты ай сайын өзгеріп отырады. Өйткені, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тәсілі 3 айға беріледі.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН САЛЫҚТЫҚ РАҚЫМШЫЛЫҚ
21:44, 13 шілде 2020
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН САЛЫҚТЫҚ РАҚЫМШЫЛЫҚ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ҚАШЫҚТАН КӨРСЕТІЛЕДІ
21:39, 13 шілде 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ҚАШЫҚТАН КӨРСЕТІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар