ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

АБАЙДЫ АЙТҚАНДА – АБАЙ БОЛ!

12:38, 26 қаңтар 2020

Қазақты әлемге танытқың келсе, Абайды оқы. 2020-шы жыл Абай әлеміне терең бойлайтын жыл.

Президент мақаласы жарияланғалы Абайдың мерейтойын тойлау ресми түрде басталды. Соның бірі бүгін қалалық кітапханада жалғасты.

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші:

Абай әлемі әлі де толық талдауды талап етеді. Себебі оның шертілмеген сырлары мен айтылмаған қырлары қаншама. Биылғы жыл толықтай Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналып отыр. Себебі, 2020 жылы 175 жылдық мерей тойы. Мерейтойды тойлау шаралар легі қазіргі уақытта басталып кетті. Соның бірі, бірегейі қалалық кітапханада жалғасын тауып отыр.

Дөңгелек үстел басына жиналған ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері «Абайды айтқанда абай болу керек» - дейді. Себебі, бала Абай мен дана Абайды байланыстыратын күре жол өте күрделі. Зерттеуді талап етеді. Қазіргі уақытта Абайды толық оқып шыққан адамға университет дипломын ұстатса да артықтық етпейді. Қош! Тақырыпқа оралайық! «Абай және ХХІ-ғасырдағы Қазақстан» мақаласының ішінде білім де, дін де, тіл де, рухани жаңғыру да, сонымен қатар, әдебиет те толық қамтылған. Бұған қатысты өңір профессорлары да ерекше үн қатты.

Бекен Сағындықұлы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор:

Президент айтқандай «Ең бірінші Абайды тану – бұл Қазақты әлемге таныту». Кішкентай ғана өзіміздің үлесімізді, сүбемізді қосып жатсақ, соның өзі жеткілікті ғой деп ойлаймын. Екінші мәселе. Мақалада білім де бар, тіл де бар, дін де бар, ғылым да бар, рухани жаңғыру да бар. Бәрі сол жерде тұр. Демек, қол сыбанып іске кірісу ғана қалып тұрған сияқты болып көрінеді.

Шара Ел Президенті мақаласының аясында өрбіді. Дөңгелек үстелге келген зиялы қауым өкілдері мен қонақтар өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, биыл Абайға қатысты атқарылатын шаралар легі жалпыға жария етілді.

Светлана Гладышева, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары:

Бізде биылғы жылға жоспар көп. Ұлы ақынның мерейтойына арналған іс-шаралар циклі әзірленген. Соның бірін, бірегейін атап өтер болсам, күн жылына ақсақалдармен бірге Абайдың туған жеріне табан тірегенді жөн санап отырмыз. Өз басым, ақынның рухына тағзым етіп барып бастаған ісіміз алға басады деп ойлаймын. Әрине, жастарды да бірге апарамыз. Өйткені Абай әр адамның жүрегінен орын табуы керек.

Жиында пікірталастан басқа, Абай өлеңдері да оқылды. Кристина Шевчук – 1-ші курстың студенті. Колледж қабырғасынан бері Абай оқуларына қатысып келеді. Қазіргі таңда ұлы ақынның бірнеше өлеңін жатқа біледі. Бүгінгі шарадан да тыс қалмауды жөн көрген.

Кристина Шевчук, студент:

Абайдың «Есіңде бар ма жас күнің» өлеңін оқимын. Есіңде бар ма жас күнің?!Көкірегің толы басың бос, Қайғысыз, ойсыз мас күнің. Кімді көрсең бәрі дос. Махаббат қызық мал мен бақ. Көрініс шеті дос ортақ. Үміт жақын, көңіл - ақ. Боларма сондай қызық шақ.

Алдағы уақытта ақын өмірін дәріптейтін талай тың бастамалар жарыққа шықпақ. Бұл әзірге биссмилләсі ғана. Сондықтан көзіқарақты көрермен, жаңалық күтіңіздер!

 

Автор: Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...