ШҰҒЫЛ! АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК Толығырақ

АБАЙ ЕЛІНЕ САЯХАТ

11:15, 9 қазан 2019

«Қарт жүрген жер береке», «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп дана халқымыз жырлағандай, қазақ жұрты әрдайым үлкендерін құрметтеген, сыйлаған халық. Аққулы ауданының әкімі Абзал Абылхақұлы «Ертіс» телеарнасында өткен «Әкім сағаты» бағдарламасында «Қайырымдылық іс» челленджін жүзеге асырды, Аққулы ауданы округінің ардагерлер кеңесінің төрағалары үшін Абай еліне саяхат ұйымдастырды.

Аққулы жерінен аттанған 13 ардегер ауданның дамуы мен гүлденуіне зор үлесін қосқан жандар. Айтулы шара Қазақ әдебиетінің ұлы тұлғасы Абай Құнанбаевтың  175 жылдығына орай өтті. Аудан Абайдың өмірі, шығармашылығымен тығыз байланысты. «Еңлік-Кебек» кесенесі де  осы жерде. Делегеция мүшелері екі жастың махаббат ескерткіші «Еңлік-Кебек» басына тоқтады. Ұлылар мекенінде Құнанбай Өскенбайұлы, Абай аталарымыздың ескеркіштері бой көтерген. Қасиетті жердің хақ ортасына әділеттілігімен  ел құрметіне бөленген Құнанбай Өскенбайұлының ескерткіші 2017 жылы орнатылған. Оң қолына қамшысымен өрнектелген дала данышпанының бейнесінің салмағы – 12 тонна, биіктігі 7 метр. Қарауыл ауылында Шəкəрім Құдайбердіұлының 160 жылдық мерейтойы және Абай ауданының 90 жылдығы аясында  Абайдың еңселі ескерткіші орнатылған.  Екі алып ескерткіштің де авторы – жас мүсінші, Семейлік Нұрбол Қалиев.

Мөлдір Сағидолла, тілш:

Абай елі – ұлы тұлғалардың алтын бесігі. Абайтану орталығы, құнды, тарихи жәдігерлерге толы мұражайлары да дәл осы жерде. Абай мұражайы  Республикадағы ірі қорық-мұражайларының бірі. Әр бөлмеге Абайдың өзі Семей өлкетану мұражайына өткізген экспонаттармен қоса, сол үйге тікелей қатысты заттар орналасқан. Мұражайда атамыздың көзі тірісінде жинаған жиһаз-мүліктер, Ділдә мен Еркежанның жасаулары, құрал-жабдықтары, жиған кітаптары, тоғызқұмалақ тақтасы, есепшоты, ақынның қойын сағаты мен тісқабы, жазу үстелі мен орындықтары, ат әбзелдері, тіпті Мағауияға араб тілінде жазған хаты да  сақталған.

Семей еліне саяхатқа шыққан қарттарымыздың жолы Абай, Шәкірім, Оспан  Құнанбайұлы жерленген мекенде жалғасты. Кесененің құрылысы 1992-1995 жылдары аралығында жүргізілген. Ақсақалдар ұлан байтақ еліміздің мәңгі ізі өшпес тұлғаларына дұға бағыштап, рухына тағзым етті. Қазақ мұрасында аты алтын әріптермен жазылған тұлғаларының мекендеген жерлеріне келіп, бұл тарихи күнді сыйлаған аудан басшылығына зор үлесін білдірді.Семей еліне сапарға шыққан делегация мүшелерінің келесі бағыты Бөрілі жеріндегі Мұхтар Әуезов мұражайы болды. Абайды әлемге танытқан, «Абай жолы» туындысы Мұхтар Әуезовтың қаламынан жарыққа шыққан. Абай елі, Қарауыл қасиетті жерінің халқы қонақжай, жүздері мейірімге толы жандар. Екі күн бойы ел тарихын өз көзімен көрген Ертіс-Баян өңірінен барған қонақтар дән риза. Бұл мекендегі рухани шежіреге толы сапарлары сәтті аяқталды.

 

Мөлдір САҒИДОЛЛА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
18:41, 15 қазан 2019
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...