ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ!

10:49, 14 ақпан 2020

Ауа райының салқындауынан даладағы еріген қар мұзға айналды. Травматолог мамандар осы күндері көктайғақтан жапа шеккендер санынын артқанын жеткізді. Ал, коммуналдық қызмет қыс басынан бері шаһардан 300 мың тонна қар шығарылғанын хабарлады.

Жыл сайын көптеген адам мұзтайғақтан зардап шегіп, түрлі зақымдармен травматологиялық пункттерде медициналық көмекке жүгінеді. Көктайғақ жаяу жүргіншілерге ғана емес, көлік  жүргізушілеріне де қауіп төндіреді.  Көк мұз біраз жұртты әбігерге салғаны сөзсіз.  Дәрігерлер,  жарақат пунктіне  келгендердің басым бөлігі тайып құлағандар, дейді.   

Жанболат Ғазизов,  №1 қалалық аурухананың жарақат пунктінің травматолог дәрігері:

Жалпы біздің жарақат пунктіне  орта есеппен тәулігіне 50-60 науқас түседі, соның 60 проценті осы көктайғақ салдарынан жарақат алған адамдар. 30-35 адам бізге көктайғақ салдарынан бізге шағымданып келеді. Көбінесе үлкен кісілер зейнет жасындағы науқастар. Яғни далаға шыққанда аяқтары тайғанап құлап жатады. Үлкен жаста бұл өте қауіпті.

Жарақат бөлімшесіне бүгінгі күннің өзінде 15-нен астам адам  медициналық көмекке жүгінсе, соның 10-ы тайып құлағандар. Тұрғындар болса атқарылып жатқан жұмыстар орталық көшелерде ғана сияқты,  дейді. Коммуналдық қызметтер ақпаратынша, қалада қар мен мұзды тазалау үшін 10-15 бригада жұмыс жасайды. Ал, шаһар аумағының 80 пайызы қардан арылған. Бұл қызметтерге 160 адам жұмылдырылған.

Бауыржан  Әбілқасымов, Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

Орталық көшелер – Назарбаев даңғылы, Астана, Сәтпаев көшелеріне құм, тұз себілді. Қазір екінші деңгейлі көшелерге көштік. Жұмыстар күшейтілген тәртіпте жүргізілуде. Жаяужолдар, аялдамалар тазартылып жатыр. Әлі де жалғасады. Қыс басталғалы 300 мың тоннадан артық қар шығарылды.

Күн сайын шаһар көшелеріне 7 құм шашқыш, 34 жүк тиегіш, 3 грейдер, 120 арнайы техника қызмет көрсетуде. Қарды тазалау тәулік бойы, кесте бойынша жүргізілуде. Көктемде су басу қауіпі жоғары аумақтар бірінші кезекте тазартылды.  Айта кетейік, шаһардан шығарылған барлық қар мен мұз 16-шы автожолдағы  полигонға шығарылады.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
11:37, 3 шілде 2020
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...