Абай атындағы №10 лицей мектебінде Наурыз мерекесі аталып өтілді

Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей мектебінде Наурыз мерекесі аталып өтілді. Ұлық мейрамда мектеп оқушылары әсем әнмен жырдан шашу шашып, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін паш етті.

16:50, 17 наурыз 2017   47

Киелі білім ордасында  Жылбасы әз-Наурыз мейрамы тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.  Биылғы жылғы  бұл мерекеге оқушылар ерекше дайындықпен  қатысып отыр. Олар бүгін барлығы бірдей  қазақтың  ұлттық  нақыштағы  киімідерін киіп, Наурыз -думанын тойлауға жиналды.  

ШӘРБАТ ЖҰМАДІЛОВА, Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей мектебінің  оқу ісі жөніндегі меңгерушісі

Шара барысында   қазақтың халық әндері шырқалып,  мың бұралған бишілер  ұлттық бимен мереке көрігін қыздыра түсті.   Сонымен қатар  ұлттық  ойындар ойналып, оқушылар өзара бір-бірімен сайысқа түсті. Күн мен түн теңелетін ұлық мерекені  әр  бала  өзінше пайымынша түсінеді. 

АЙСҰЛТАН БОЛАТ,  Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей мектебінің оқушысы 

СҰЛТАНБЕК ЕСІМХАНОВ, Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей мектебінің оқушысы

Наурызды тойлаудың өзіндік дәстүрін қалыптастырған  оқу ордасы   әрдайым жаңашылдыққа мән береді.  Сондықтан,  мұнда қазақтың ұлттық ойындары  асық ату мен  тоғызқұмалық ойынын ойнау  үзіліс  кезеңіне енгізілген.  Осы арқылы балалар   өз қалауынша ұлттық   өнер  шұғылданып, үйренуге мүмкіндік бар.

«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының ресми сайты

140006, Павлодар қаласы, Сұрағанов көш., 21 үй Байланыс телефондары: 8 (7182) 33-90-26