ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

7 МЕТРЛІК АЛЫП АҚҚАЛА ЖАСАЛДЫ

20:01, 14 қаңтар 2021

Павлодар ауданына қарасты Луганск ауылының тұрғындары биіктігі 7 метр болатын аққала жасаған. Балалар бұған 2 айға жуық уақыт жұмсаған. Алып аққаланың ерекшелігі алдағы сюжетте.

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші:

Менің артымда тұрған бұл аққаланың биіктігі 7 метрден асады. Максим мен Сергей бұны жасап шығуға 1,5 – 2 ай уақыттарын жұмсаған. Айта кету керек, бұл дәу мүсін әлеуметтік желіде ұйымдастырылған байқау үшін жасалған.

Ағалы-інілі қос жігіт Ресейлік блогердің парақшасынан байқау туралы хабарламаны байқайды. Шарт бойынша ең үлкен аққала жасау керек болған. Жеңімпазға қомақты қаржылай сыйлық беріледі. Бұны естіген Максим мен Сергей ата-анасының рұқсатын алып, бірден іске крісіпті.

Сергей Хайруллин, Луганск ауылының тұрғыны:

Біз бұл аққаланы желтоқсан айының басында бастадық. Жалпы идея ютуб желісіндегі байқау туралы естіген соң пайда болды. Інім екеуміз күнде кешкісін осы іспен айналыса бастадық. Ата-анамыз қарсы болған жоқ.

Бастапқыда ағалы-інілі екі жігіт қарды үйіп, қатырып отырған. Қардың керекті көлемі жиналған соң аққаланың пішінін жасаған. Мүсін биіктеген сайын қауіпті болатыны белгілі. Тіпті, оқыстан құлап, жарақаттанған кездеріміз де болды,-дейді Максим.

Максим Хайруллин, Луганск ауылының тұрғыны:

Мұның салмағы 10 тоннадан асады. Биіктігі 7 метр. Аққаланың пішінін ұзын арқанның көмегімен жасадық. Жұмыс барысында түрлі жатаққат та алдық. Бірақ, біз мақсатымызға жету үшін берілмедік. Көздерін қағаздан жасадық. Ал мұрынының орынына сәбізді қойдық.

Аталмыш туынды әлеуметтік желіде қызу талқыға салынады деп ойлаған жоқпыз,-дейді балалардың анасы. Айта кету керек, мұндай мүсінді олар осыдан екі жыл бұрын да жасапты. Тек биіктігі 4 метр. Жоғарыда айтылған аққала жасау байқауы қаңтар айының 18-ші жұлдызында қорытындыланатын болады. Балақайларға сәттілік тілеп қояйық.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

БҮГІН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАН КҮНІ
20:24, 15 қаңтар 2021
БҮГІН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАН КҮНІ
Толығырақ...
ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР: СОЦИАЛ ӘЙТЕНОВ – 75 ЖАС
20:19, 15 қаңтар 2021
ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР: СОЦИАЛ ӘЙТЕНОВ – 75 ЖАС
Толығырақ...
ТҰРҒЫНДАР: КӘРІЗ ҚҰДЫҚТАРЫ ЛАС СУҒА ТОЛЫ
20:16, 15 қаңтар 2021
ТҰРҒЫНДАР: КӘРІЗ ҚҰДЫҚТАРЫ ЛАС СУҒА ТОЛЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЫСТЫҚ СУ ТОЛЫ ШҰҢҚЫРҒА ҚҰЛАҒАН ӘЙЕЛДІҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
19:32, 11 қаңтар 2021
ЫСТЫҚ СУ ТОЛЫ ШҰҢҚЫРҒА ҚҰЛАҒАН ӘЙЕЛДІҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
Толығырақ...