ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

7 ҚАРАША - «ERTIS» ТЕЛЕАРНАСЫНА 55 ЖЫЛ!

20:34, 12 қазан 2020

7 қарашада Павлодар облыстық телеарнасына 55 жыл! Павлодар облыстық мемлекеттік мұрағатында арнаның 1965 жылдан сақталған мәліметтері жинақталған. Талай жылды арқалаған ақпарға сүйене отыра, біз сіздерге алғашқы телевизиялық хабарды дайындаған қызметкерлер есімін ұсынамыз.

Бұл бірегей, таптырмас құжатта телеарнаның алғашқы хабар таратқан мәліметтері сақталған. «Микрофонды материал» аталымында. Журналдың  бетінде жыл мен күні белгіленген. 1965 жылдың қараша-желтоқсан айлары. Екі экземплярдан тұрады. Орыс және қазақ тілінде.

Күләш Есімханова, Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының архивисі:

Біз алғашқы телевизиялық жаңалықтарды  таратамыз». Бізге бұл шығарылымды дайындау өте қиын болды, өйткені мереке қарсаңында керемет оқиғалардың бастауы қарқын алды. Бүгін біз олардың тек кейбіреуіне қысқаша тоқталамыз.

Көрерменге жол тартқан алғашқы бағдарлама «Наши ровесники» деп аталған.  Ұлы Октябрь социалистік революциясы күніне арналған арнайы репортаж, жаңалықтар және құттықтау блогы бойынша өтті. Ал трансляция «Мерекелік Павлодар»  репортажымен аяқталды. Тізбектелген есімдер облыстық телеарнаның мұрағатында алтын әріппен сақталары хақ! Мемлекеттік мұрағаттын архивисі телеарна алғаш эфир таратқан сәтінен бірден жоғары жылдамдықпен, қарқынды дамыды деп айтып өтті.

Күләш Есімханова, Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының архивисі:

Бұны тіпті осындай статистикалық ақпаратпен расталуы мүмкін. Егер 1966 жылы Павлодар қаласында 6300 теледидар болса. Кейін, 1970 жылға қарай 30200 теледидар болды. Әрине, телевизиялық хабар тарату көлемі де артты, егер 1966 жылы теледидарлық хабар тарату 210 сағат болса, 1970 жылы 299 сағат болған.

Келесі айдардағы сюжетімізді алғашқы телевизиялық фестиваль жайында баяндаймыз.

 

Мөлдір САҒИДОЛЛА, Ринат АБДУЛКАЮМОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар