ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

№59 САЙЛАУ УЧАСКЕСІ

17:53, 9 маусым 2019

94 жасар Ұлы Отан соғысының ардагері Құдайберген Қапсалямовта бар. Қария жасына қарамай, өз таңдауын жасап, дауыс берді.

Әйгерім Тоқпанқызы, тілші:
Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Таң сәресінен бастап сайлау учаскілеріне көптеп ағылды. Олардың қатарында 94 жасар Ұлы Отан соғысының ардагері Құдайберген Қапсалямовта бар. Қария жасына қарамай, өз таңдауын жасап, дауыс берді.

Құдайберген Қапсалямов, Ұлы Отан соғысының ардагері:
Халық аман болсын. Тыныштықта болсын. Біздің көрген бейнетімізді ана өткен ғасырда халық көрмесін. Жастар тыныштықта аманшылықта, жоғары дәрежеге көтеріле берсін. Елімізді басқарсын.


Құдайберген Қапсалямов дауыс беру үшін Ақсу қаласынан келді. Уақытша энергетиктер қаласында тұрғанымен тіркеуі облыс орталығында. Сондықтан, №59 сайлау учаскесіне өз аяғымен келді. Сайлауға қатысып, дауыс беру бұл менің азаматық парызым дейді қарт жауынгер. Жалпы №41 мектептің ішінде орналасқан №59 сайлау учаскесіне тізім бойынша 2335 адам тіркелген. Түске дейін 500 ге жуық тұрғын дауыс беріп үлгерді.  Сондай-ақ 14 адам денсаулық жағдайына байланысты үйлерінде өз таңдауларын жасады.

 

Әйгерім ТОҚПАНҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:37, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...