ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

5 ЖЕЛТОҚСАН – ЕРІКТІЛЕР КҮНІ

12:40, 6 желтоқсан 2019

Желтоқсанның бесі халықаралық еріктілер күніне орай «Volunteer.pvl» атты өңірдегі еріктілер форумы өтті. Шараға аймағымыздың 10-нан артық волонтерлік ұйымдарынан 300-ге жуық еріктілер қатысты.

Облыста биылғы жылдың өзінде еріктілер қозғалысымен 500-ге жуық шара ұйымдастырылды.

Әйгерім Бозанбаева, тілші:

5-ші желтоқсан – Халықаралық еріктілер күні. Жалпы, еріктілер дегеніміз – өздерінің бос уақыттарын қоғам игілігі үшін жұмсайтын мейірімді жандар. Осы ретте Павлодар қаласында «Жастар бастамаларын дамыту» орталығында облыстық еріктілер форумы ұйымдастырылды.

Дәстүрлі форумның мақсаты – еріктілер қозғалысын дамыту мақсатында атқарылып жатқан шараларды қорытындылау. Ертіс өңірінің еріктілері өз еркімен қайырымдылық шараларына қатысады. Жалғызбасты қарияларға қамқор болып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қарайласады.

Дәурен  Ғазиз, ерікті:

Волонтер болғаныма 5-6 жылдың көлемі болып қалды. Себебі, ең алғашқы рет 10 сыныптан бері волонтер болып жүрмін. Қазіргі кезде Павлодар қаласындағы «Қазақстан лига волонтерлер» фондының мүшесімін. Біз үшін Павлодар қаласында осындай форумдардың болғаны олардың қонағы болу біз үшін үлкен қуаныш.

Жастар жылы шеңберінде аймақтағы еріктілер қозғалысына үлес қосып жүрген ұйымдар марапатталып, имиджді киім үлгісі сыйға тартылды. Осындай құрметке «Қызыл ай қоғамының» облыстық филиалы да ие болды. Оларға апатты жағдайда әрекет ететін команда мүшелеріне бірыңғай киімдер берілді.

Гүлнәр Исақанова, «Қызыл ай қоғамы» ПОФ төрайымы:

Қазіргі кезде облыстық Қызыл ай қоғамымызда 50-ден астам волонтерлар бар. Нақыт жұмыс істеп, нақты бізге көмектесетін. Оның ішінде 20 активның волонтерларымыз бар.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа алғашқы жолдауында 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жарияланған болатын. Айта кетерлігі, Павлодар облысында еріктілер жұмысы қарқынды дамып келеді.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
10:17, 19 ақпан 2020
ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
Толығырақ...