ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

405 МИЛЛИОН ТЕҢГЕНІ ЖЫМҚЫРМАҚ БОЛҒАН

21:33, 15 қыркүйек 2020

Павлодарда жарықтандыру жүйесін жаңғырту кезінде бюджет қаражатын ұрлауға қол сұғу фактілері анықталды. Сот – құрылыс сараптамасы барысында 405 млн теңге мөлшерінде қаражат игерілмеген.

2017 жылы «Павлодар қаласының сыртқы жарықтандыру жүйесін жаңғырту және сенімді басқару» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында энергетика және  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы мен қалалық ТҮКШ  бөлімі, үшінші тараптан жеке меншік серіктес EverlightAlto»  арасында келісімшарт жасалды.  Оның ішінде басты жұмысты  «Altocom Asia» ЖШС жүзеге асыруы тиіс болды. Бір жылдан кейін 12483 дана жарық шамды демонтаж, монтаж және сыртқы жарықтандыру шкафтарын орнату жұмыстарын жүргізді. Бұған мердігер мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 1 млрд 700 млн теңге қаражат құйған.  2019 жылдың қаңтар айында жұмыстар толық аяқталып, ТҮКШ  бөлімі қабылдап алған. Дегенмен, облыстық прокуратура аталмыш жұмыстарды іске асыру кезінде бюджет қаражатын ұрлауға қол сұғу фактілерін анықтады.

Аталған фактілер бойынша прокурорлар сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Тексеру барысында жекеше әріптестер белгілі бір жұмыс түрлерін нақты орындамай, жарықтандыру жүйесін пайдалануға бергені анықталды. Яғни, шамдарда бақылағыштары жоқ, сыртқы жарықтандыруды басқару шкафтары жеткізілмеген. Іс бойынша барлық қажетті жедел тергеу іс-шаралары жүргізілді, жекеше әріптестердің - «Altocom Asia» ЖШС және «А3 Коммерц» ЖШС директорларының кінәсі толық дәлелденді.

ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Құрылыс сараптамасы барысында 405 млн теңге мөлшерінде залал сомасы анықталды.

Әлібек Оразалин, қалалық коммуналдық меншікті пайдалану секторының меңгерушісі:

Қалпына келтіргенде... Олардың өздерінің ақшалары. Несие алған олар. 1 млрд 700 млн теңге несие. Өз қаражаттарына жасалынған нәрсе. Үкіметтен, бюджеттен ақша емес.

Қалай болғаны? 2023 жылы келісімшарт бойынша жұмсалған қаражат қайтарылуы керек емес пе?

Әлібек Оразалин, қалалық коммуналдық меншікті пайдалану секторының меңгерушісі:

Мемлекет бес жылдың ішінде 2023 жылға дейін жаңағы қарыздарын... Мемлекеттін алдында қарызда ғой. Сол себептен қайтарылады. Бәрі қайтарылады. 400 млн ұстап қалынды. Келісімшартты біз үзе алмаймыз. Өйткені келісімшарттың мерзімі 2023 жылға дейін. Әрине ондай сұрақ көтерілді. Келісімшартты бұзатын болсақ, 1 млрд 700 млн теңгені қайтару керек.

Облыстық прокуратура аталған заңды тұлғалардың директорларымен қылмыстық істі сотқа жолдай отырып, кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісімдер жасады. Сот үкімімен жоғарыда аталған адамдарға 3 жыл 9 ай мерзімге шартты түрде жаза тағайындаумен кінәлі деп танылды. Қазіргі уақытта жекеше әріптестер жеткізілмеген жабдықты орнату арқылы орын алған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауда.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар