
Қыс басталғалы бері облыс орталығынан полигонға 200 мың тоннадан аса қар шығарылған. Бүгінде бұл жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Қала көшелері мен аялдамаларды ақ ұлпадан аршу жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде.
Гауһар Мұса, тілші:
Өткен тәулікте қала сыртына 4 мыңнан аса тонна қар шығарылған. Ол үшін 160 техника жұмылдырылды. Мамандар тазалау жұмыстарының жалғасатынын айтады.
Жол жиектері мен аялдамалар сонымен қатар жаяу жүргіншілер өткелдерін ақ ұлпадан тазарту үшін 160 адам күндіз түні жұміс істейді. Жолдағы қауіпсіздік үшін құм шашу жұмыстары да жүргізіліп жатыр.
Жансерік Қапзолла, қалалық әкімдік баспасөз қызметінің бас маманы:
Жалпы қыс басталғалы бері полигонға 200 мың тоннадан астам қар шығарылды. Аталмыш жұмыстар бүгінгі күнде жалғасуда. Жолдардағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында 17 арнайы көлік құмшашқыш сол құм шашу жұмыстарын жүргізеді.
Қар жауғалы бері жол тазалығына жауап беретін ұйымдарда тыным жоқ. Олар күннің суығына да, ақ түтек боранға да қарамай қала ішін тазалаумен әбігер. Айтып өтейік, бұл жұмыстар үшін 3 грейдер, 35 тиегіш, 45 жинау-сыпыру машинасы, 17 құмшашқыш, 70 әр түрлі модификациялы самосвал жұмылдырылған.
Гауһар МҰСА