ШҰҒЫЛ! КУТУЗОВ КӨШЕСІНІҢ АТАУЫН ӨЗГЕРТУДІ ДЕПУТАТТАР БІРАУЫЗДАН ҚОЛДАДЫ Толығырақ

№31 бағыттағы Павлодар-Алматы жолаушылар поезды «Тұлпар-Тальго» атты заманауи вагондармен жолға шықпақ

18:35, 13 қыркүйек 2017

2018 жылдың қаңтар айынан бастап №31 бағыттағы Павлодар-Алматы жолаушылар поезды «Тұлпар-Тальго» атты заманауи вагондармен жолға шықпақ. Енді, екі қала арасындағы уақыт ұзақтығы 3,5 дейін қысқармақ. Бұдан бөлек, «Жолаушылар тасымалы» АҚ вице-президенті Айбат Қанғалиевтың сөзінше вагон іші алдағы уақытта жаңа бейнебақылау, Wi-Fi, GPS құралдарымен, телеэкрандармен және биодәретханалармен жабдықталады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ вице-призенті Айбат Қанғалиев вагондар жаңартылғанымен, билет бағасы өзгеріссіз қалатын мәлімдеді. Заманауи поезд бір рейс кезінде 480 адамды тасымалдауға қауқарлы. 26 вагоннан тұратын жаңа пойыздардың жылдамдығы сағатына 200 километрді құрайды. Осылайша, Алматыға жетер уақыт мерзімі 3,5 сағатқа дейін қысқармақ. Яғни , 28 сағат 32 минуттан  25 сағат 6 минутқа дейін қысқарады.

 АЙБАТ ҚАНҒАЛИЕВ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ вице-президенті

Сондай-ақ, Айбат Қанғалиев қозғалыс кестесінің де еш өзгермейтінін мәлімдеді. Айта кетейік, пойыз жолда барлығы 19 станцияға тоқтайды. Вагон ішіндегі ауа температурасы  -50 градустан +45 градусқа дейін жетеді.

ДҮЙСЕНБАЙ ТҰРҒАНОВ, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары

Бұдан бөлек, «Тұлпар-Тальго» вагондарында  арнайы жүк вагоны, мейрамхана және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған вагон мен арнайы көтеру құралдары бар. Бұл ретте, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов қызмет сапасы жоғары болатын заманауи вагондар жолаушылар сенімінен шығады деген үмітте.

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕЛЕЗИНКА АУДАНЫНА АЛТЫ ОТБАСЫ КӨШІП КЕЛГЕН
10:27, 20 маусым 2018
ЖЕЛЕЗИНКА АУДАНЫНА АЛТЫ ОТБАСЫ КӨШІП КЕЛГЕН
Толығырақ...
ЕРТІС ӨЗЕНІНДЕ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
11:02, 19 маусым 2018
ЕРТІС ӨЗЕНІНДЕ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЕРТІС АУДАНЫНА 35 ОТБАСЫНЫ КӨШІРІП ӘКЕЛУ ЖОСПАРЫ БАР
11:00, 15 маусым 2018
ЕРТІС АУДАНЫНА 35 ОТБАСЫНЫ КӨШІРІП ӘКЕЛУ ЖОСПАРЫ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРТІС ӨЗЕНІНДЕ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
11:02, 19 маусым 2018
ЕРТІС ӨЗЕНІНДЕ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЕРТІСТІ ЖҮЗІП ӨТПЕК БОЛҒАН ЖІГІТ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
11:18, 19 маусым 2018
ЕРТІСТІ ЖҮЗІП ӨТПЕК БОЛҒАН ЖІГІТ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Толығырақ...