ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

№3 САЙЛАУ УЧАСКЕСІ

20:56, 9 маусым 2019

Басқа қала, облыста демалып жүріп, дауыс беруге болады. Демалушылар үшін арнайы есептен шығару куәліктері қарастырылған. Бұл құжатты кез-келген сайлау учаскесінде көрсете отырып, кедергісіз сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауға болады.

Мінеки осылай,  Солтүстік Қазақстан облысынан «Мойылды» шипажайына келген Сергей Заев өз таңдауын жасады.

Сергей Заев, сайлаушы:

Мен бүгін таңғы сағат 10-00-де пойыздан түсе сала өз отандық борышымды өтедім. Бұны алдын-ала жоспарладым. Себебі, жолдаманы сәуір айында сатып алғанмын. Мойылдыда болатынын ескеріп, алдын-ала есептен шығару куәлігін алдым. Заң бойынша өз таңдауымды жасадым.

Тұрғылықты мекен-жайында емес жерде дауыс беру мүмкіндігін алу үшін 21 күн ішінде есептен шығару талонына өтініш беру қажет болды, дейді комиссия мүшелері. Қазіргі таңда шипажайда демалып жатқан 15 өзге қаланың тұрғыны болашағын ойлап,  өз дауыстарын берді.

Ақмамық Мерзентай, №3 сайлау учаскесі төрайымының міндетін атқарушы:

Бүгінгі сайлауда Мойылды ауылында 1051 адам сайлауға тіркелген. Соның ішінде дәл қазіргі сәтте 470 адам дауыс берді. Қазіргі таңда Мойылдыда дауыс беруге келе алмайтын денсаулығына байланысты 13 адамнан анықтама түсті, ол кісілердің үйлеріне барып дауыстарын алдық. Жақсы тәртіпте өтіп жатыр, тұрғындар белсенділік танытуда.

Мойылды ауылындағы №3 сайлау учаскесі №38 мектепте орналасқан.

 

Марина САХАРОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
16:57, 29 қараша 2019
14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
Толығырақ...