ШҰҒЫЛ! ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРАТЫН ЖЕДЕЛ ШАРАЛАР Толығырақ

28 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ЖҮЗДЕСУ

12:42, 24 маусым 2019

«Ертіс» телеарнасы - әрбір көрерменнің талап-тілегін орындауға асығатын аймақтың басты арнасы. Арнамызды өзге аймақтар қалт жібермей қарап жүретіні біз үшін үлкен қуаныш. Маусым айының басында редакциямызға Ақмола облысы, Зеренді ауданынан тұрақты көременіміз хат жазып, 28 жыл бойы көрмеген павлодарлық досын тауып беруімізге көмек сұраған еді. Көрерменнің бұл өтінішін тез арада қолға алған тілшіміз Әсел Жақсыбай екі досты қауыштыруға асықты.

1991 жыл, мамыр айы. Қос дос Одессадағы әскери борыштарын атқара жүріп, жергілікті госпитальға түседі. Павлодарлық досын іздеуші ақмолалық Сағадат Шәймерденовтің айтуынша,  Қуаныш Жұмаділов есімді досын ол одан кейін қайтіп көрмеген. Іздестіріп, тауып алғандығымызды хабарлағанда тілеуі орындалған Сағадат жұбайымен Павлодарға арнайы келді. Тәуелсіздіктің таңы ата қоймаған Кеңестер Одағының әмірі әлі де жүріп тұрған бұл кезеңде сырт жерде екі қазақ кездесіп қалса, туғанын көргендей қуанатын. Қысқасы, «Қазақ екенсің ғой, қай өңірденсің?» деп танысқан қос жігіт, бар-жоғы 20 күннің ішінде орталарына 20 жылға татырлық  достық жібін байлап үлгереді. Бақсақ, екеуі екі әскери бөлімнен. Госпитальға аздап жарақаттанып түскендігі бар. Ауылда бейқам тірлік кешіп жатқан Қуаныш үшін бұл жағдай әрине, тосын сый болды. Сағадат Шәймерденов 500 шақырым жерді артқа тастап,  келгеніме қарағанда Қуанышпен жүздестірген телеарна мамандарына алғысым шексіз деп ағынан жарылады.

Сағадат Шәймерденов, Ақмола облысының тұрғыны:

Мінекей, Әсел, сіздерге рахмет, Ертіс арнасының ұжымы мен басшылығына да алғысым шексіз. Менің өтінішіме бей-жай қарамадыңыздар. Алда келе жатқан кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын. Қуанышты тауып, қуанышты болып отырмын.

Отағасының сыры қашан да отанасына мәлім. Үйленген күннен бастап, әрбір сәтін Қуанышпен бірге бөліскісі келгенін айтқан Сағадаттың   жұбайын да әңгімеге тартқан ек Айта кету керек, қос досты қауыштыруға қолдау білдірген Павлодар облысы Қорғаныс ісі жөніндегі департаменті және Аққулы аудандық әскери комиссариаты басшылығына арнамыздың және қос достың атынан айтар алғысымыз шексіз.

 

Әсел ЖАҚСЫБАЙ

 

Тақырып бойынша материалдар

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДА КЕЗЕКТІ РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ
19:01, 22 шілде 2019
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДА КЕЗЕКТІ РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТТІ
18:55, 22 шілде 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:47, 18 шілде 2019
ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...