ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

№28 САЙЛАУ УЧАСКЕСІ

12:59, 9 маусым 2019

№5 жалпы және білім беретін мектептегі №28 сайлау учаскесі де таңғы жетіден бері қызу жұмыс үстінде.

Мұнда тіркелген екі сыңнан артық сайлаушылар өз таңдауларын жасап дауыстарын беріп жатыр. Олардың арасында тұңғыш рет саяси науқанға қатысып, дауыс бергендері де бар. Оларға сыйлық та берілді.  

Олег Науман, қала тұрғыны:

Мен бірінші рет сайлауға қатысып дауыс бердім. Қазақстан азаматы ретінде өзімнің азаматтық борышымды өтегеніме өте қуаныштымын. Бірінші рет дауыс бергенім үшін сыйлық ұсынғаны күтпеген жағдай болды.

Сайлау учаскесіне келіп дауыс беріп жатқан жастардың қарасы қалың. Бұл қуантарлық жағдай. Әдетте, таңертең ерте қарттар көптеп келетін. Бұл жолы жастардың да ерте келіп дауыс бергені қуантады, дейді сайлау учаскесінің жетекшілері. Ал, сайлау учаскесіне келе алмайтын мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жылжымалы жәшік ұйымдастырылған. Ондай сайлаушыларға түске дейін бір мәрте түстен кейін бір мәрте барып келеміз дейді.

Тілеулес Қалиева, №28 сайлау учаскесінің төрайымы:

Біздің сайлаушылардың ішінде үйде дауыс беретін кісілер де бар. Біз оларға екі мәрте барамыз. Түске дейін бір рет түстен кейін бір рет. Өзіміздің тарапымыздан сайлаушыларға арнаған сыйлықтарымыз болды. Таңертең бірінші келген кісіге бердік. Отбасымен келген кісілерге бердік. Сосын, қарт адамдарға бердік.

Елімізде өтіп жатқан кезектен тыс Президент сайлауына дауыс беру кешкі 20-00-ге дейін жалғасады. Сондықтан әлі де дауыс беріп үлгеруге болады.  

 

Есенбек САНАТҰЛЫ, Вероника ВИШНЕВСКАЯ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:37, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...