2018 жылдан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі

14:28, 20 сәуір 2017

Келер жылдан бас ауырып, балтыр сыздаса, емханаға сақтандыру полисімен барамыз. Себебі 2018 жылдан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Қазір оның қалай жұмыс істейтіні туралы елді мекендерде түсіндірілуде. Сонымен медсақтандыру дегеніміз не? Бұл жүйе қалай жұмыс жасайды? Оған тұрғындардың көз қарасы қандай? Бұл сұрақтардың жауабын тілшіміз біліп көрді.

Келер жылдан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Яғни енді азаматтар медициналық көмекті арнайы қорға жиналған қаражат есебінен ғана ала алады. Ал сақтандыру жарналарын азаматтардың жұмыс беруші мекемелері төлейтін болады. Еңбекке жарамсыз болып, жұмыссыз қалғандарға жарна мемлекеттен бөлінеді. Жаңа реформа кезең-кезеңмен іске асырылады. Алдымен арнайы әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылмақ. Ол қорға жұмыс беруші мекеме өз қызметкерлері үшін ай сайын  жарна аударатын болады. Ал  2018 жылдан кейін жұмыскерлердің өздері де жарна төлеуге кіріседі. Қазір аймағымыздың барлық қала, аудандарында тұрғындарға түсіндіру шаралары жүргізілуде.

ӘМИНА ЕСМҰХАНОВА, Павлодар қаласының тұрғыны

ИРИНА АБРАМОВА, Павлодар қаласының тұрғыны 

Жалпы, медициналық сақтандыру қазіргі денсаулық сақтау жүйесіндегі кемшіліктерді жойып, саладағы жұмысты жүйелеуге жол ашады,- дейді мамандар. Яғни  әрбір адам өз еміне өзі қаражат жинақтағандықтан, емдеу орны мен дәрігерді де өзі таңдайды. Нәтижесінде медициналық қызмет сапасы артуы тиіс. Әрине   ең бірінші жаңа реформа халыққа кеңінен түсіндірілуі қажет. 

 

Тақырып бойынша материалдар

Павлодар өңірінің 2017-2019 жылдарға арналған бюджетіне бірқатар өзгерістер енгізілді
20:15, 23 қараша 2017
Павлодар өңірінің 2017-2019 жылдарға арналған бюджетіне бірқ...
Толығырақ...
Облыс әкімі өңірдегі коммуналдық және құтқару техникасының қысқа дайындығын тексерді
19:36, 23 қараша 2017
Облыс әкімі өңірдегі коммуналдық және құтқару техникасының қ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Президенті «Royal Dutch Shell» концернінің бас атқарушы директоры Бен ван Берденмен кездесті
19:08, 17 қараша 2017
Қазақстан Президенті «Royal Dutch Shell» концернінің бас атқ...
Толығырақ...