ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ

14:00, 29 қаңтар 2020

Бүгіннен бастап 200 теңгелік темір теңге айналымға енді. Әйтсе де қағаз банкноттар заңды төлем құралы болып қала береді. Айналымнан әбден тозған жағдайда ғана алынып тасталады.

Бұған дейін жүз теңгелікке дейінгі ақшалар монета болатын. Енді, олардың қатарын 200 теңгеліктер де толтырып отыр. Оның диаметрі 100 теңгелік темір ақшадан бір жарым миллиметрге артық. Салмағы – 7,5 грамм.  Айналымдағы монеталар дизайнының стилистикасында шығыс және батыс мәдениеттерінің көркемдік элементтерінің үйлесімі көрініс табады.

Светлана Жүсіпова, ҚР ұлттық банкі ПОФ бөлім басшысының орынбасары:

Монеталардың сыртқы сақинасы нейзильберден жасалған. Ішкі дискі никельді жезден дайындалған. Қыры тегіс және бедерлі снеторлармен кезектесіп отыратын 16 ойықпен бедерленген.

Соңғы рет қағаз ақшаның үлгісі 2006 жылы өзгерген. Ұлттық банк, 200 теңгеліктің темір ақшаға ауысыуын қолда көп жүретін қағаз ақшаның тез тозуымен байланыстырады.

Светлана Жүсіпова, ҚР ұлттық банкі ПОФ бөлім басшысының орынбасары:

Естеріңізге слаа кетейін, номиналды 200 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып қалады. Яғни қолданыста жүреді.

Жаңа ақша бүгіннен бастап заңды түрде айналымға енді. Осыдан бастап,  монета республиканың барлық сауда нүктеклерінде қабылдануы тиіс.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...