ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

№15 САЙЛАУ УЧАСКЕСІ

10:43, 9 маусым 2019

Күллі Қазақстан бойынша таңғы сағат жетіден кезектен тыс Президент сайлау басталып, дауыс берушілер сайлау учаскелеріне ағылып жатыр. Сайлаушылар сағат жеті болмай учаскелерге келіп, науқанның басталуын күтіп отырды. Сағат тілі жетіні соғып, әнұран орындалды.

Әнұран орындалысымен сайлаушылар тізімделіп дауыс бере бастады. Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық кітапханада орналасқан №15 сайлау учаскесінде ең бірінші болып келген 86 жастағы кейуана арнайы сыйлыққа ие болды.

Иния Шафигуллина, Павлодар қаласының тұрғыны:

Мен қарт адаммын. Ерте тұрып үйренгенмін. Сондықтан ерте келіп дауысымды бердім. Енді, күні бойы тыныш мазаланбай жүремін.

Дәл осы сайлау учаскесінде облыс әкімі Болат Бақауов тіркелген. Аймақ басшысы да алғашқылардың бірі болып дауыс беріп өз таңдауын жасады.

Есенбек Санатұлы, тілші:

Барлық жердегі сияқты қаламыздағы №22 Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте орналасқан №75 сайлау учаскесі таңғы жетіден өзінің жұмысын бастады. Алғашқылардың бірі болып қала әкімі Әнуар Күмпекеев те өзінің отбасымен бірге келіп дауысын берді. - Әнуар Қайыргелдіұлы, міне ала таңнан кеп дауысыңызды беріп жатырсыз жалпы, әдетте мынау шенеуніктер асықпай 9-10да келіп дауыс беруші еді, ал сіз ерте тұрдыңыз мұндағы сыр не?

Әнуар Күмпекеев, Павлодар қаласының әкімі:

Енді өзім солай әр кезде ерте тұрамын. Сондықтан бүгін де ерте тұрып жұбайымызбен бірге 75-ші сайлау учаскесіне келіп жан ұямыздан екі дауыс бердік.

-Жалпы өзіңіздің тәжірибеңізде нешінші рет қатысып отырған сайлауыңыз?

- Әкім ретінде екінші рет қатысып отырмын. Ал, жәй кісі ретінде үшінші рет қатысып отырмыз.

-Бүгінгі көңіл күйіңіз қалай, ерте тұрғанда?

-Енді, айтып отырмын ғой жалпы әр күні ерте тұрамыз. Жанұямызда осылай, ерте жатамыз, ерте тұрамыз. Ерте тұрған кісіні Алла тағала да қолдайды ғой.

Әкім қарлардың халыққа үлгі болып ерте келіп дауыс беруі құптарлық іс. Ал, №75 сайлау учаскесінде ең бірінші болып дауыс берген Тыныбай Заманбеков, біраз жыл округтік сайлау комиссиясында төраға болыпты. Сондықтан, сайлаудың қыр-сыры таныс.

Тыныбай Заманбеков, зейнеткер:

Мен өзі ауылда тұрғанда 4 жыл оружной сайлаудың председателі болған адаммын. Сондықтан ерте келуге дағдыланғанмын. Сол ерте келіп жанұямызбен дауыс беріп жатырмыз, өзіміздің таңдаған адамға.

Жалпы, сайлауға қатысушы тұрғындардың көңіл күйі көтеріңкі әрі көңілді.

Айзат Бәйтенова, қала тұрғыны:

Көңіл күйім өте жақсы, көтеріңкі. Байқағанымдай таң атысымен осы жерге келген азаматтар демалыс күніне қарамастан өте көп.

Павлодардағы Бауыржан Момышұлы атындағы №22 мектепте екі бірдей сайлау учаскелері орналасқан. Оның бірі №81 сайлау учаскесінде 2197 сайлаушы тіркелген болса, №75-ші сайлау учаскесінде 1940 сайлаушы тіркелген.   

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
16:57, 29 қараша 2019
14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
Толығырақ...