ШҰҒЫЛ! «МАЙДАН ЖОЛЫ» ЖАСАҒЫ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ Толығырақ

14 БАЛАЛЫ АНА

14:32, 11 наурыз 2019

Халықаралық әйелдер күні мерекесінде облыс бойынша 8 қыз бала дүниеге келген. Ал, Павлодар қаласының тұрғыны мереке қарсаңында 14- баласын өмірге әкелді. Көп балалы алтын алқа иесімен тілшіміз тілдесіп қайтты.

Балалы үй базар. Кез келген отбасының қызығы мен шыжығы – балада. Людмила Москалец 14 баланың анасы. Дүние есігін ашқан Эльвира есімді қыз бала жанұяға қуаныш әкелді. Көп балалы ана қазір 40 жаста. Баласының ең үлкені 20 жаста болса,  ең кішісі 6 наурыз күні дүниеге келген.  Баланың құрсаққа бітуінің өзі бір қуаныш болса, оның өмірге келуі, тәтті қылықтары, үлкейіп, азамат болғанын көру бір бақыт, дейді алтын алқа иесі.

Людмила Москалец, көп балалы ана

 Жас өскен сайын бала туғанның рөлін түсінесің, басқаша жауапкершілікпен қарайсың. Қызым 4730 салмағымен, 57 см бойымен дүниеге келді. Өте жақсы қыз. Бүгін бізді перинаталды орталықтан үйге жібереді. Менің үлкен отбасым бізді үйде сағына күтуде. Құдайға шүкір сәби екеуміздің денсаулығымыз жақсы.

Людмила Москалец көпбалалы ана болғандықтан перинаталды орталыққа жатқызылды. Жалпы, Павлодар облысында 8 наурыз халықаралық әйелдер күнінде 23 бала дүниеге келген. Оның 8-і қыз бала болса, 15-і ұл. Өткен жылмен салыстыратын болсақ, биыл бала туу көрсеткіші біршама азайған.

Инесса Валерьевна, перинаталды орталық бас дәрігерінің орынбасары

Облыс бойынша жалпы бүгінгі күні ағымдағы жылдың екі айында 1731  сәби дүниеге келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда төмен. Өткен жылы 1836 бала туған. Жалпы мұндай көрсеткіш ел бойынша да, Павлодар облысы бойынша да байқалуда. Бала туу көрсеткіші төмендеген.

Жаңа жыл басталғалы  өмірге үшем ұл бала келді. Дәрігерлердің айтуынша ең жас ана 15 жаста атанса, жасы үкен әйел 49 жаста баланы дүниеге әкелген.

 

Марина САХАРОВА

Тақырып бойынша материалдар

ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ БИЗНЕСТЕГІ КЕДЕРГІЛЕРДІ ЖОЮ
19:19, 21 мамыр 2019
ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ БИЗНЕСТЕГІ КЕДЕРГІЛЕРДІ ЖОЮ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар