ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

№132 САЙЛАУ УЧАСКЕСІ

21:02, 9 маусым 2019

Рахима Әділбаева кезектен тыс президент сайлауын асыға күткен. Сайлау учаскесіне ерекше дайындықпен келіпті. Тіпті, саяси науқанға арнап ән де шығарған.

Аталмыш сайлау учаскесінде 2300 адам тіркелген. Бұл №25 мектепке қарасты 7 көпқабатты үйдің тұрғындары. Мемлекеттік қызметшілердің жартысынан көбі жастар екендігі қуантады. Сонымен қатар, алғаш рет сайлауға қатысып отырған 18 азамат бар. Дауыс беруге отбасымен келгендер де кездесіп жатты.

Дамиля  Әлинова, Павлодар қаласының тұрғыны:

Бұл менің балаларым. Барлығымыз бірге келіп дауыс бердік. Себебі, біздің отбасымыз үшін бүгін ерекше күн. Көңіл күйіміз де тамаша.

Егер де дауыс беруші денсаулығына байланысты бөлімшеге келе алмайтын болса, арнайы құраммен жасақталған коммисия мүшелер пәтерге барады. №132 сайлау учаскесінің тізімінде осындай санаттағы 10 адам тіркеуде бар. Оның 6-ы мүгедектер, біреуі Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...