ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

13 ШІЛДЕ - ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ

21:10, 13 шілде 2020

Республиканың барлық аймақтарында короновирус пандемиясынан зардап шеккендерге құрмет көрсету рәсімі өтті. COVID-19 індеті жүздеген адамның өмірін қиды. Бұл бүкіл ел үшін орна толмас қайғы.

Кенеттен келген індет адамдарға аяушылық танытпады. Өкінішке орай, тәж тажалдан құрбан болғандар аз емес. Өкінішке қарай, Павлодар облысында короновирус салдарынан 15 адам көз жұмды. Оларды біз ешқашан ұмытпауымыз керек. Сағат 12.00-де барлық қазақстандықтар коронавирус пандемиясынан қайтыс болған отандастарымызды еске алды.                                                                                                                                                                                          

Біржан Досмайылов, денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Біздің еліміздегі, қазір өздеріңіз көріп отырсыздар, оқиға болып жатқанын. Елдің бәрі қазір қатты қиналып, ауырып жатқанын. Елімізге, жерімізге бероен сынақтың бәрін бастан кешіріп жатқаннан кейін, жұмыс жағынан бүкіл медицина саласныдағы жұмыс істеген жұмыскерлерге барлықтарына алғысымды білдіргім келеді. Сол кісілердің арқасында қазір сол кісілердің жұмыс істеген істері, жұмыстары алға басып, істеген жұмыстары оңынан болсын деп айтқым келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 шілдедегі қазақстандықтарға жасаған телеүндеуінде – 13 шілдені коронавирус індетінің құрбаны болған жандарды еске алуға байланысты жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын. Бұл күні еліміздің барлық аймақтарында көк байрағымыз төмен түсірілді. Аты жаман індет әр отбасын жақынынан айырды.

Айнагүл Сарсенбаева,  қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы:

Бүгін Қазақстан бойынша короновирустық індеттен қайтқан адамдардың еске алу күні. Мемлекеттік рәміздер алаңыныда құқық қорғау органдарының өкілдері үнсіздік минутты сақтап, сол адамдарды еске алды.

Пандемия әлі де өршіп тұр. Індетпен күресу жолында сабырлық танытып, шыдамды болғанымыз жөн. «Қамданған қапы қалмайды» демекші санитарлық талаптарды ұстанған дұрыс. Бұл індеттің шармауына түскен адамдардың өмірі үшін дәрігерлер күн сайын күресуде.  

 

Мөлдір САҒИДОЛЛА, Валерия СТЕПЧУК

 

Тақырып бойынша материалдар

АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...