ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

13 ШІЛДЕ АЗА ТҰТУ КҮНІ

19:08, 11 шілде 2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде 13 шілде күнін - Ұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын. Бұл күн індеттен қаза болғандарға арналып, ел бойынша барлық мешіттерде хатым құраны оқылады.

Аза тұту күні барлық өңірлердегі мешіт-медреселерде хатым құран түсіріледі.  Хатым дегеніміз – құран бастан аяғына дейін, 30 парадан тұратын құранды оқу. Індеттен қайтыс болғандарға бүкіл қазақ жұртынан қайтыс болған, мұсылман жұртшылығының марқұмдарына хатым құран бағышталады. Алайда, көпшіліктің қатысуына тыйым салынған. Тек мешіт қызметкерлерімен құран оқылады.

Елбек Тасболатұлы , «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің наиб имамы:

Енді құран хатымға байланысты бізде әлбетте тек қана мешіт қызметкерлері құранның батасында жиналамыз. Яғни, қүран хатым біткеннен кейін. Жиналғанда да 4,5 адамнан аспайды. Және аралары 1,5 метрді сақтай отырып, сол батасын жасайфмыз. Халықтың  атынан. Сауабы марқұмдарға тие берсін. Осы хатымымыздың себебінен Алла тағала елімізге, бүкіл әлемге келген осы бәледен бізді аман құтқарсын деп дұға жасайтын боламыз.

Хатым құранды түсіру әр жұмада немесе әр айда жүргізіліп тұрады. Жаратқанға індеттен айығуға құран бағышталады. Айта кетейік, соңғы ақпарат бойынша елімізде індеттен 280 науқас көз жұмды. Сондай-ақ, 13-шілде күні мемлекеттік мекемелерде ту төмен түсіріліп,  барлық мәдени іс-шаралар тоқтатылады.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...