ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

№124 САЙЛАУ УЧАСКЕСІ

10:52, 9 маусым 2019

Перинаталдық орталықта таңғы сағат 7.00 де ашылған №124 сайлау учаскесі

Әйгерім Тоқпанқызы, тілші:
Біз перинаталдық орталықта таңғы сағат 7.00 де ашылған №124 сайлау учаскесінде тұрмыз. Мында болашақ және ана атанған 29 дауыс беруші ел болашағы үшін өз таңдайын жасады.

Перзентхана болғаннан кейін сайлау учаскесі жабық. Яғни бұл жаңа босанған аналар үшін  жасалған. Өмірге ұрпақ әкеліп жатқан мұндағы 29 ана өз дауыстарын бергеннен кейін бюллетендер салынған дауыс беру қобдишасы аймақтық орталық сайлау комиссиясына жіберіледі. 


Валентина Әлімжанова, №124 сайлау учаскесінің комиссия мүшесі:
Бұл орталықтың сайлаудың ерекшелігі жабық түрде өтеді. Аналар дауыс бергенне кейін қобдишалардың, сайлау бюллендерінің санап, орталық территориалдық округқа жіберіледі.


Ақсу ауылдық аймағының тұрғыны, 4 баланың анасы Анар Сәуленова да  дауыс берді.  Ол 15 мамыр күні төртінші рет ана атанды. Қазір олар перзентханада нәрестесі екеуі ем қабылдап жатыр. Еліміз үшін осы атаулы күнде азаматтық борышын өтеуге мүмкіндік жасаған орталық мамандарына алғысы зор.


Анар Сәуленова, дауыс беруші:
Бүгін мемлекетіміз үшін өте маңызды күн. Сайлау өтіп жатыр. Перинаталды орталық біз үшін сайлау учаскесін ұйымдастырып, өз таңдауымызда септігін тигізді.  Менің дәрігерге алғысым шексіз.


Аналар айналдырған бір жарым сағат ішінде сайлау учаскесіне келіп дауыс берді. Бір айта кетерлігі 8 маусым күні 10 сәби дүниеге келді. 8-і ұл, екеуі қыз. Ал  маусымның 8нен 9 на қараған түні ер бала дүние есігін ашыпты.

Әйгерім ТОҚПАНҚЫЗЫ


 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
16:57, 29 қараша 2019
14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
Толығырақ...