ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

№120 САЙЛАУ УЧАСКЕСІ

10:55, 9 маусым 2019

Облыс орталығында орналасқан АП-162/1 тергеу изоляторы. №120-шы сайлау учаскесі.

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші:

Бүгін еліміз үшін айтулы күн. Себебі, арнайы белгіленген сайлау учаскелері өз жұмысын таңмен таласа бастап кетті. Солардың бірі, бірегейі – облыс орталығында орналасқан АП-162/1 тергеу изоляторы. Бұл жердегі №120-шы сайлау учаскесінде 155 адам дауыс береді.

№120 сайлау учаскесі өз жұмысын таңғы 7:00-де ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранымен бастаған. Тергеу изоляторында дауыс беруге құқылы 155 адам бар. Яғни, сот шешімі заңдық күшіне енбеген әрбір тергелуші сайлауға қатыса алады.

Айнұр Махамбетова, қалалық қаржы департаменті есеп бөлімінің аға инспекторы:

Бүгін Павлодар қаласы тергеу изоляторында ҚР сайлау туралы заңына сәйкес сайлау процесі жүріп жатыр. Бүгінгі таңда ҚР сайлауына құқылы барлық тергеу қамауындағы барлық тұлғалар сайлауда өз белсенділіктерін танытуда. Және әрқайсысының дауысы еліміз үшін маңызды екенін түсінуде.

Тергеудегі азаматтар шектеулі мүмкіндікке қарамастан белсенділік танытуда. Себебі, ел тағдырын таразыға салған саяси процесте әр азаматтың дауысы маңызды рөл атқарады.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
16:57, 29 қараша 2019
14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
Толығырақ...