ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

№116 САЙЛАУ УЧАСКЕСІ

12:56, 9 маусым 2019

Облыстық ауруханасында орналасқан №46-ші сайлау учаскесінде.

Әйгерім Тоқпанқызы,  тілші:

Біз қазір қаламыздағы облыстық ауруханасында орналасқан №46-ші сайлау учаскесінде тұрмыз. Қазіргі уақытта 160 емделуші өз дауыстарын берді.


Ғалым Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасында емделушілер ел Президентін таңдап,  дауыс берді. Барлығы 188 дауыс беруші сайлауға қатысады. Сайлау учаскесінде  дауыс беруге арнал5ан екі қобдишасы жұмыс істейді.


Маржан Нұркенова, №46 сайлау учаскесінің комиссия мүшесі:
Енді біздің өзімізде екі қобдиша бар. Біреуі тасымалдау қобдишасы. Ол тек өздері келе алмайтын, жататын төсек тартып. Соларға барып, палаталарына барып сайлау дауыстарын аламыз. Екінші стационарлы қобдиша деп аталады. Мында өздері келіп, дауыстарын беріп соларға арналған қобдишаларымыз бар.


Қала тұрғыны, зейнеткер  Орынбасар Мұқанованың екі аяғына ота жасалған. Ол  әзірге жүріп тұруға мүмкіндігі жоқ. Осыған орай сайлау учаскілерінің мүшелері тасымал қобдишасын алып, дауыс беремін деген азаматтардан бюллетендер жинады. 


Орынбасар Мұқанова, зейнеткер:
Облыстық ауруханада операциядан тұра алмасам кейін осы менің дауысым жоғалмасын деп осындай мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан сайлау комиссиясына көпте көп рахмет айтамын.


Облыстық ауруханада орналасқан №46 шы  сайлау учаскесі жабық. Өз дауыстарын бергеннен кейін бюллетендер салынған дауыс беру қобдишасы аймақтық орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.  Жалпы, аймақ бойынша 543 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

 

Әйгерім ТОҚПАНҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...