ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

№116 САЙЛАУ УЧАСКЕСІ

12:52, 9 маусым 2019

66/79 әскери бөліміндегі сайлау учаскесі .

Марина Сахарова, тілші:

Сайлауға таңмен таласа сарбаздар да келді. Павлодарлық отан қорғаушылар бүгін алғашқылардың бірі болып өз таңдауларын жасады. 66/79 әскери бөліміндегі сайлау учаскесі ашыла сала, қатардағы жауынгерлер дауыс беруге саппен келді.

ҚР Ұлттық ұлан шығыс өңірлік қолбасшылығының 66/79 әскери бөлімінде орналасқан № 116 сайлау учаскесінде отан алдында борышын  өтеп жатқан жауынгерлер өз таңдауын жасады. Сарбаздар әскери тәртіпті сақтап, саяси науқанға үн қосты. Олардың көбі сайлауға алғаш рет қатысып отыр. Еркебұлан Кенеғұл, Қарағанды облысы Балқаш қаласының тумасы. 20 жастағы қатардағы жауынгер саяси науқанға алғаш рет қатысып, Қазақстанның болашағы үшін дауыс берді.

Еркебұлан Кенеғұл, қатардағы жауынгер:

Бүгін мен ең алғаш рет өзіміздің еліміздің көшбасшысын сайлау үшін алғаш рет дауыс бердім. Және осы өзімнің дауыс беруіммен Қазақстан Ресапубликасы ары қарай гүлденуіне, ҚР Қарулы Күштерінің ары қарай дамуына өз үлесімді қостым деп ойлаймын.

Әскери қызметкерлер әскери бөлімде болғаннан кейін тәртіп те жоғары. 66/79 әскери бөлімінің 250-дей сарбазы өздері таңдаған кандидатқа дауыс  берді.

 

Марина САХАРОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...