ШҰҒЫЛ! АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК Толығырақ

«100 ЖАҢА ЕСІМ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСАДЫ

10:21, 17 қыркүйек 2019

Бұрынғының батырларына ескерткіш қойылып жатса, қазіргінің батырлары жайлы деректі фильмдер түсіріледі. «Qazaqstan» ұлттық арнасы «100 жаңа есім» жобасын жалғастырып, таланттарды танытуды қайта қолға алды. Елордадан келген түсірілім тобы Ертіс-Баян өңірінен бірқатар дарындыларын дәріптейтін болады.

Еліміздегі «100 жаңа есім» жобасына енген шығармашыл  жандарды халыққа дәріптеу мақсатында «Qazaqstan» ұлттық арнасының  төл туындысы көрермен назарына жол тартады. Алғашқы бағдарламада Павлодар өңірінің дарындыларына арналады. «Нұр-Сұлтан» қаласынан келген түсірілім тобы «Темір адам» атымен танымал болған жерлесіміз Жеңісбек Қадырұлы және  алтын домбыра иегері Аспанбек Шұғатаев туралы бағдарламалар жасамақ.

Махамбет Бейбітшілік,  «100 жаңа есім» жобасының продюсері:

Негізгі ұсынылатын формат кадрдан тыс мәтіннен бас тартып біз кейіпкердің өзінің сөзімен оның өзінің жұмыс барысындағы, болмаса  шығармашылық барысындағы шынайы іс-әрекеттерін сол арқылы оның портретін ашу. Яғни оның адами болмысын, спортшы болса спортшы келбетін егер де шығармашылық адамы болса оның шығармашылық жан дүниесін көрерменге жеткізу.

Аталмыш жобаның басты кейіпкерінің бірі – Жеңісбек Қадырұлы. Экстремал спортшы ерекше өнерімен Қазақстан Киннес рекордтар кітабына енген.

Жеңісбек Қадырұлы, экстремал спортшы:

Қазақстан ұлттық арансына, келіп жатқан адамдарға мен шын жүректен тілектестігімді білдіргім келеді. Әрқашан да жұмыстарына жеміс, жетістік тілеймін. Өзім Ертіс-Баян өңірінен осындай адамдардың шыға беруіне шын жүректен тілектеспін!

«100 жаңа есім» бағдарламаның хронометражы 25 минут.  Осы уақыт аралығында дарындылардың жұмыс барысы, шығармашылығы баяндалады. Аталмыш жоба қыркүйек айының соңына қарай эфирге жол тартады деп жоспарланған.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
18:41, 15 қазан 2019
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...