10 маусымға дейін Жасыбайдағы демалыс аумағы дайын болуы қажет

14:47, 18 мамыр 2017

10 маусымға дейін Жасыбайдағы демалыс аумағы жаңа туристік маусымды ашуға толықтай дайын болуы қажет. Ал биылғы жылдың желтоқсан айына дейін Мырзашоқы тауындағы шаңғы базасы бой көтеріп, іске қосылуы керек. Осылайша Баянауыл туристік жағынан ғана емес, экономикалық сала бойынша да дамуы шарт. Аталған ауданға жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы осылай деді.

Биылғы жылдың желтоқсан айына дейін Қаражар ауылының маңайындағы Мырзашоқы ауылында арқанжолы бар шаңғы базасы бой көтеруі қажет. Бірқатар елдімекенде болған аймақ басшысы Майқайыңда жұмыс жиынын өткізді. Болат Бақауовтың айтуынша, елдімекендердің арасындағы жолдардың барлығы ретке келтірілуі керек. 

БОЛАТ БАҚАУОВ, Павлодар облысының әкімі

Баянауыл тек туристік бағытта емес, экономикалық жағынан да дамитын болады. Ауданда әсіресе шағын және орта бизнесті дамытуға мол мүмкіндік бар. Былтыр даму бюджеті 207 миллион теңгені құрады. Биыл бұл көрсеткіш 2,6миллиард. Бұдан бөлек, кей шараларға республикалық және облыстық бюджеттерден қосымша 5 миллиард теңге бөлінбек. Бұл қаражатты тек жұрыс қолдану мәселесі тұр. Баянауылдың өзінде су жеткізу құрылыстары жүзеге асуда. Ал кей ауылдарда құдықтар мен кешенді блок модульдері орнатылмақ. Аудан әкімінің сөзінше, бұл жұмыстарға қосымша қаражат қажет. 

ОРАЗГЕЛДІ ҚАЙЫРГЕЛДИНОВ, Баянауыл ауданының әкімі

Бірақ көп жағдайда жұмыс ведомстволардың арасында туындайтын түсініспеушіліктердің салдарынан тоқырап қалуда. Бір-біріне қайшы болатын тұжырымдамаларды беріп жатады. 

БОЛАТ БАҚАУОВ, Павлодар облысының әкімі

Жиын барысында облыс әкімі баянауылдықтар әкелетін өнімдердің айлық кестесін құрастыруға ұсыныс жасады. Өкінішке орай, ауданда ауыл шаруашашылығы кооперативтерін құру бойынша жұмыс ақсап тұр. Бірақ бұл кооперативтерді есеп-қисап үшін емес, шаруаларды қызықтыру үшін құру міндеті тұрғанын атап өткен жөн.  Сондай-ақ, жол бойындағы бизнесті дамыту қажет. Мәселен, Майқайыңда және Баянауылға кіре берісте кәсіпкерліктің бұл түрін дамыту қолайлы болмақ. Болат Бақауов Жасыбай көліндегі демалыс орнына қатысты қатаң ескерту жасады. 

БОЛАТ БАҚАУОВ, Павлодар облысының әкімі

Жасыбайдағы демалыс аумағы 10-маусымға дейін толықтай абаттандырылып болуы керек. Бүгінде Сабындыкөл мен Жасыбай көлдерінің жағажайларына дейін жолдар төселуде. Аймақ басшысының ұсынысы бойынша құрылыс плиткаларын табиғи тастарға алмастыру мәселесі қарастырылмақ.

Жиын барысында сондай-ақ, ауданда міндетті зейнетақы аударымдары бойынша проблема туындағаны жөнінде белгілі болды.   

БАЛТАБАЙ ҚАППАСОВ, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жетекшісі  

Бүгінде ауданның 6 мың тұрғыны өз өзін жұмыспен өамтып отыр. алайда, олардың барлығы ресми тіркелген емес. Аймақ басшысы бұл ауылдық округ әкімдерінің міндеті. Жалпы барлық жұмыстар жүргізілуде. Қазірден бастап 2018 жылдың бюджетің құру керек. 

Автор: Салтанат Нысанбекова  

Тақырып бойынша материалдар

Павлодар өңірі еңбек иелерінің топтасқан өлкесі
15:15, 12 желтоқсан 2017
Павлодар өңірі еңбек иелерінің топтасқан өлкесі
Толығырақ...
Павлодарда мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған мамандандырылған автокөлік ұсынылды
15:11, 12 желтоқсан 2017
Павлодарда мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған мамандан...
Толығырақ...
Пәндік олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды
15:02, 12 желтоқсан 2017
Пәндік олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлде...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАНЫШ СӘТБАЕВТЫҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ ХАЛЫҚ СОТЫ ҚЫЗМЕТІНЕН БАСТАЛДЫ
20:48, 6 желтоқсан 2017
ҚАНЫШ СӘТБАЕВТЫҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ ХАЛЫҚ СОТЫ ҚЫЗМЕТІНЕН БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
Павлодар облысында соңғы 10 жылда бала туу көрсеткіш тым төмендеп кеткен
19:12, 7 желтоқсан 2017
Павлодар облысында соңғы 10 жылда бала туу көрсеткіш тым төм...
Толығырақ...
Павлодар қалалық №8 сәбилер балабақшасында «Асықпати» шарасын өткізді
14:32, 7 желтоқсан 2017
Павлодар қалалық №8 сәбилер балабақшасында «Асықпати» шарасы...
Толығырақ...