ШҰҒЫЛ! АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК Толығырақ

1 МАМЫР КӨШЕСІ КЕҢЕЙТІЛЕДІ

19:16, 11 шілде 2019

1 мамыр көшесін кеңейту жұмыстары басталды. Автакөлік қозғалысына ыңғайлы болу үшін екі жақты жол салу жоспарланған. Жөңдеу жұмыстары жүріп жатқандықтан Максим Горький көшесінен бастап Толстой көшесіне дейінгі аралық уақытша жабылады.

Жол жөндеу жұмыс қызу жүріп жатыр. Қазіргі таңда жұмысшылар бөренелерді орнатып, жолдың беткі қабат деңгейін көтеріп жатыр. Содан кейін асфальт төсеуді бастайды. Бұдан бұрын Усолка шағын ауданында Теплов көшесі кеңейтілген.

Бауыржан Әбілқасымов, қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

Бастапқыда 1 мамыр көшесін Максим Горкииден Киров көшесіне дейінгі аралықты кеңейту жоспарланған. Біз енді қазір су өткізу үшін конкурс жарияладық. 1 мамыр көшесі бойымен Толстой көшесінен Бейбітшілік көшесіне дейін су құбыры өткізіледі. Яғни, сумен жабдықтау жүйесін қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Сондықтан біз Максим Горкийден Толстойға дейінгі аралықты кеңейту туралы шешім қабылдадық.

1 мамаыр көшесі 6,5 метрге дейін кеңейеді. Алғашында 5 метрге жоспарланған. Жалпы алғанда, Максим Горький көшесінен Толстой көшесіне дейінгі жолдың ұзындығы 410 метрді құрайды. Жөңдеу жұмыстарына қала қазынасынан 30 млн қаражат бөлінген.  Жұмыстар екі аптаға жалғасады.

 

Аяулым РАХИМЖАНОВА, Валерия СТЕПЧУК.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
18:41, 15 қазан 2019
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...