ШҰҒЫЛ! Қ.ТОҚАЕВ РЕСМИ ТҮРДЕ ҚЫЗМЕТІНЕ КІРІСТІ Толығырақ

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ А.ДАНКАНМЕН КЕЗДЕСТІ

10:41, 18 сәуір 2019

Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка істері жөніндегі мемлекеттік министрі, Қауымдар палатасының депутаты Алан Данканмен кездесті.

Дариға Назарбаева мейманды Қазақстанда болып жатқан саяси үдерістер туралы хабардар етті. Оның айтуынша, 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауы еліміздің саяси жүйесін дамыту жолындағы маңызды қадам болмақ. Тараптар екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен келешегін талқылады. Сенат Төрағасы Қазақстанның Еуропадағы маңызды стратегиялық әріптесі болып табылатын Біріккен Корольдікпен қарым-қатынасының достық және сенімді сипатын атап өтті. Алан Данкан өз кезегінде саяси, экономикалық, қаржылық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайтудың ауқымды келешегіне тоқтала келіп, Қазақстанды Орталық Азиядағы негізгі мемлекет ретінде атап өтті.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар