ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ОН БАСЫМ БАҒЫТ ТАЛҚЫЛАНДЫ

19:11, 14 маусым 2019

Павлодарлық сайлаушылардың 73 пайызы кезектен тыс Президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген. Енді, мемлекет басшысының сайлау алды бағдарламасындағы тапсырмаларды жүзеге асыру қажет. Осы ретте он бағат бойынша жұмыс атқаратын боламыз. Бұл туралы Нұр-Отан партиясының саяси бюро кеңесінде аймақ басшысы Болат Бақауов мәлімдеді.

Сайлауда жеңіске жеткен мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев, ұлықтау рәсімінде 10 басым бағытты айқындап берген болатын. Енді, Нұр-Отан партиясы осы бағыттар бойынша жұмыс атқарады. Он бағыттың ішіндегі ең негізісі елдің экономикалық өсімін артыру. Жыл басынан бері Павлодар облысында бес мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Олардың жартысынан көбі тұрақты еңбек. Бұл жолғы сайлау еліміздің демократиялық дамуына айтарлықтай үлес қосты.

Бақыт Бексейітова, облыстық мәслихаттың хатшысы:    

9-маусым күні біздің қоғам еліміздің жаңа президентін сайлады. Бұл науқан еліміздің демократиялық бағытқа дамуына айтарлықтай үлес қосатын маңызды оқиға болғаны анық. Партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Нұр-Отан партиясына маңызды науқанға белсенді түрде қатысу жөнінде тапсырма берген болатын.

Бұл жолғы сайлауда Ертіс-Баян өңірінің жастары ерекше белсенділік танытқан. Олар өз таңдауларын жасап, елдің ертеңіне үлес қосты. Жуырда ғана Елордада өткен Президенттің ұлықтау рәсіміне Павлодар облысынан жүзден аса делегат қатысып қайтты. Олардың ішінде жиырмасы белсенді жастар қауымы.

Санира Жүсіпова, облыстық «Жас отан» жастар қанатының төрайымы:   

Биылғы жылы өте ерекше болды сайлау. Дегенмен де біздің жастар тарихи сәттің куәгерлері ғана емес, осыған өз үлестерін қосты. Сайлау барысында Павлодар облысында 895 активистер, белсенділер жұмыс жасады. Олар көшелерге шығып, «Есіктен есікке» акциясына қатысты. «Бірге» акциясында және халыққа біздің кандидатымыздың бағдарламасын таныстырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген он басым бағыттында тұғындарды баспанамен қамтамасыз ету айтылған. Бұл бағытта біздің өңірде жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. «Сарыарқа» шағын ауданы бойынша тірліктер тәмамдалуға жақын. Келер жылдан бастап «Достық» мөлтек ауданынында құрылыстар басталады.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ПАРТИЯНЫҢ КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ САЙЛАУ ӨТТІ
19:13, 18 қараша 2019
ПАРТИЯНЫҢ КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ САЙЛАУ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар