ШҰҒЫЛ! ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІГІН АТҚАРУҒА КІРІСТІ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ТЫНЫСЫ КЕҢЕЙЕДІ

09:11, 17 қаңтар 2019

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер екінші оқылымда мақұлданды.

Заң жобасының маңыздылығына тоқталған Палата Спикері Нұрлан Нығматулин құжат Мемлекет басшысының бизнес-ортаны одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленгенін атап өтті. Нұрлан Нығматулиннің айтуынша мақұлданған түзетулер кәсіпкерлікті қолдауға жаңа серпін береді. Онда жаңа кәсіпорындар ашу, несие алу, құрылысқа рұқсат беру және салық салу талаптары жеңілдетілген.

2020 жылдан бастап тауарларды таңбалау және сауда-саттық қызметінде кассалық-бақылау құралдарын пайдалану ережелері енгізілді. Депутаттардың ұсынысы бойынша осы заң жобасында қарастырылған өнімдерді таңбалаумен өндірушілердің өздері немесе құрылатын бірыңғай өнімді таңбалаушы операторлар айналысады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар