ШҰҒЫЛ! ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІГІН АТҚАРУҒА КІРІСТІ Толығырақ

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

09:14, 17 қаңтар 2019

Мәжілістің жалпы отырысында бірқатар депутаттық сауал қойылды. 9 қаңтарда Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жусан» бірегей гуманитарлық операциясын сәтті аяқтау туралы мәлімдеме жасады.

Сириядан террористерде тұтқында болған әйелдер мен балалар  қайтарылды. Мәжіліс депутаттарының пікірінше, жастарды патриоттық тәрбиелеу үшін отандық фильмдер жасау қажет. Бұдан басқа, Қазақстан «Кинематография туралы» салалық заң қабылданды. Сонымен қатар, бүгінгі таңда киноиндустрияға елеулі қаржы бөлініп, қазақстандық кинотеатрдың сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасалуда.

 

СНХ, ҚУАНЫШ СҰЛТАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ 

Президент мұндай қайырымдылық әрі гуманизм актісіне бастамашы болу арқылы Қазақстан азаматтарының қай жерде болса да олардың тағдырына деген қамқорлығы мен алаңдатушылығын көрсетті. Елбасының халықаралық беделі мен оның жан-жақты, белсенді бітімгершілік қызметінің мойындалуының арқасында осындай бірегей операцияны жүзеге асыру мүмкіндігі туды. Мемлекет басшысы НұрсұлтанНазарбаевтың арнайы тапсырмасымен жоғары деңгейде жүзеге асырылған қазақстандық азаматтарды құтқару операциясы секілді  ерекше оқиғалар өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беретін жоғарғы көркемдік  кино түсіруге тамаша сюжет болар еді. Осыған байланысты келесіні ұсынамын: мемлекеттік тапсырыс бойынша «Жусан» операциясы негізінде шытырман оқиғалы, деректі, патриоттық тәрбиедегі көркем фильм түсіруге тапсырма беруіңізді сұраймын.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар