ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРУДЕ БАЛА САНЫ ШЕКТЕЛМЕЙДІ

09:54, 20 ақпан 2020

Бала саны сегізден көп болған отбасыға төленетін жәрдемақы биылғы жылдың 1-қаңтарынан бастап есептеледі. Заң қабылданған соң төлем айырмасы қосымша берілді. Мәжіліс арнайы заң жобасын қарауға алды. Себебі қазір бала саны жетіден көп болса да артық сома қосылмайды. Жәрдемақы 74 мың теңгеден аспайды.

Отбасында бала көбейген сайын жәрдемақы да өсуі керек. Бұл – халықтың қалауы, депутаттардың талабы. Алайда қазіргі қолданыстағы заңда ол жоқ. Яғни есеп 7 перзентке дейін, ал одан кейінгі балалар ескерусіз қалған. Мұны депутаттар өңірлерді аралап, жұртшылықпен кездескенде көкейге түйген. Енді осы олқылықтың орнын толтыруға  кірісіп кетті. Бұл заң жобасын депутаттар өздері әзірлеп шыққан. Өте қысқа уақытта. 

Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Елімізде қазіргі күні СҚ-нда бір семья бар. Ол жерде 15 бала. Кәмелеттік жасқа толмаған. Және студенттер 23 жасқа толмаған семьялар бар. Егер сол кісіге осы заң қабылданса  159 мың шығады. Себебі депутаттардың ұсынысы әр балаға шектемей жалғастыру.

Сондықтан депутаттар созбалаңға салмай заң жобасын шұғыл қабылдамақ. тағы бір ерекшелігі,  жәрдемақыны беру мерзімі құжат күшіне енген күннен бастап емес әдеттігедей, бұл жолы басқаша есептеледі.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:

Бұл норманы 1-қаңтардан енгіземіз деп ұсындық. Ол заң бойынша 8-ші баладан бастап әр балаға 8 баласы бар және одан жоғары отбасыға әр балаға 4 айлық есептік көрсеткіштен жәрдемақы тағайындалатын болады. Екі айға заң қабылданғанша дейінгі айға қосымша төленетін болады.

Жалпы елімізде 8 немесе одан да көп баласы бар отбасылар саны 2,5 ге жет жетпейді. Сондықтан бюджетке үлкен салмақ түспейді дейді депутаттар.

Тақырып бойынша материалдар

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
11:07, 31 наурыз 2020
ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...