ШҰҒЫЛ! ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ЖАРЫЛЫСТАН 11 АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ

18:52, 24 маусым 2019

Арыс қаласындағы жарылыстан 11 адам зардап шекті. Олар Шымкенттегі ауруханаға жеткізілді. Дені снаряд жарықшақтарынан түрлі дене жарақатын алған. Дәрігерлер қазір науқастарға қажетті ем дом көрсетіп жатыр.

Жалпы, Арыс қаласынан 45 мыңнан астам адам эвакуациялануы тиіс.  Олардың көпшілігі үй жайларын тастап, төңіректегі төбелерді, жыра-қалтарыстарды паналап кеткен. Қыр басында көмек күтіп отырғандар көп. Арнайы жасақталған топ таңертеңнен бері  қала тұрғындарын апат орындарынан шығарып үлгере алмай жатыр. Таңертең ең алғашқы лекпен балалар бақшасының тәрбиленушілері арнайы көлікпен Шымкент қаласына жөнелтілді. Олар орталық мешіт, орта мектеп ғимараттарына жайғастырылды.  Көпшлік оларға су, тамақ апарып, қолдан келген көмегін беріп жатыр. Таңертеңнен бері қала төңірегін тұтастай әскерилер мен полиция күзетіп тұр. Ешкімді кіргізіп жатқан жоқ. Қару жарақ пен оқ-дәрі сақтайтын қоймада тұтанған өрттен жойқын жарылыстар әлі де жалғасуда. Арыста төтенше жағдай жарияланды. 

Күлпаршын Батырова Арыс қаласының тұрғыны:

Далаға шықтық.  Шықсақ мынадай атаом бомбасы секілді атылды да, қып-қызыл боп гүрс ете қалды. Бірінші атылғанның өзінде әйнектердің быт-шыты шықты ғой. Қашыңдар, қашыңдар деді. Балаларды әкетіңдер мен қалайын дедім.  Енді міне екі немеремнен көз жазып қалдым.

Өмірзақ Шөкеев  облыс әкімі:

Үш жерде  құлақтындыру нүктесі белгіленді. Халық өз тарнспортымен, жаяулап 3-5 шақырым жерге қаланың сыртына шығуы керек. Әскерилер калоннамен жинап, дайын лагерлерге апаратын болады. Сол жерде барлық ауданның әкімдері қызметкерлерімен, суымен, тамағымен  келіп, жұмыс жасайды. Әрі қарай өздері таратады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
09:51, 7 қараша 2019
ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...