ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

11:21, 12 тамыз 2020

Үкімет отырысында 7 айдың ішіндегі экономикалық-әлеуметтік дамудың қорытындысы шығарылды. Қазақстанда іскерлік белсенділігінің индексі төмендеді. Бұл тураллы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты.

Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаевтың мәліметінше, 2020 жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша Қазақстанның Ішкі жалпы өнімі Ұлттық банктің болжамына сәйкес 1,8 пайызға қысқарған. Бұл қызмет көрсету секторындағы, атап айтқанда сауда мен көлік  саласындағы құлдыраумен байланысты.

Ерболат Досаев, ҚР ұлттық банк төрағасы:

Осыған орай, инфляциялық күтулердің тұрақтануын ескере отырып, Ұлттық Банк ағымдағы жылғы 20 шілдеде Қазақстан экономикасының өсуін қалпына келтіруді қолдау үшін пайыздық дәлізді +/- 1,5 пайыздық тармаққа дейін тарылта отырып, базалық ставканы 9,0%-ға дейін төмендетті.

Үкімет басшысы, өңірлер белсенді жұмыс істеуі керектігін алға тартты. Экономика өсімін қалпына келтіру жөніндегі қабылданған шаралардың, оның ішінде мемлекеттік бағдарламалардың аясында шаралардың тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты. Сонымен бірге, карантин жағдайында қызмет көрсету секторында көрсеткіштердің төмендегенін байқаймыз. Жалпы өңірлер 7 айдың қорытындысында негізгі 5 көрсеткіш бойынша 9 өңірде әлеуметтік-экономикалық өсімі қамтамасыз етілді, деді үкімет басшысы.

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

Өңірлерге дағдарысқа қарсы штабтар жұмысын жандандыруды және жергілікті жерлердің кәсіпкерлері көтерген мәселелерді жедел қарап, тиісті шешімдер қабылдауды тапсырамын.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУ МАҢЫЗДЫ
18:47, 27 қыркүйек 2020
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУ МАҢ...
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ САҚТАЛАДЫ
18:44, 27 қыркүйек 2020
ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ САҚТАЛАДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ МАҢҒЫСТАУДЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
18:27, 27 қыркүйек 2020
ЕЛБАСЫ МАҢҒЫСТАУДЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...