ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ЖАҢА ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

10:26, 8 қараша 2019

Еліміздегі қауіпті өндірістік нысандарда жұмыс істеп жатқан 18 адам жарақаттанып, 10 адам қаза тапты. Бұл 2019 жылдың 9 айының көрсеткіші.

Барлығы 24 апат тіркеліп, адам өлімі 1,7 есеге өскен. Осы олқылықтың алдын алу үшін бүгін индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігі мәжілісте жаңа заң жобасын таныстырды. Қазір елімізде жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың 8 мыңы қауіті саналады. Ол жерлердегі оқыс оқиғалардың көпшілігі тозығы жеткен құрылғылардың салдарынан, қауіпсіздік техникасының сақталмауынан және қызметкерлердің біліктілігі төмендігінен болады. Жаңа заң жобасында осылардың барлығын ретке келтіріп, бақылауды күшейту көзделген. Енді мәжіліс депутаттары құжатты жан-жақты зерттеп, ұсыныстар мен толықтырулар енгізуі мүмкін.

Аманияз Ержанов қр индустрия және инфроқұрылымдық даму министрінің орынбасары:

Заң жобасы қабылданған жағдайда мынадай оң құқықтық және әлеуметтік экономикалық салдарлар болжанады. Қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен азаматтардың қорғалу деңгейін арттыру. Қауіпті өндірістік объектілердегі жарақаттану деңгейін төмендету, апат кезінде үшінші тұлғаларға зиян келтіру мүмкіндігін төмендету.

Тақырып бойынша материалдар

КВИ МЕН ПНЕВМОНИЯ СТАТИСТИКАСЫ БІРІКТІРІЛДІ
21:34, 3 тамыз 2020
КВИ МЕН ПНЕВМОНИЯ СТАТИСТИКАСЫ БІРІКТІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар