ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ

20:01, 4 тамыз 2020

Үкімет отырысында жаңа оқу жылы жайлы талқыланды. Елдегі санитарлық жағдайға байланысты 1-ші қыркүйектен бастап оқу жылы жалпы қашықтан оқыту форматында басталады. Осы ретте, шалғайдағы елді-мекендердегі шағын жинақталған мектептер эпидемиологиялық ахуал жақсы болған жағдайда оқуды дәстүрлі бастайды. Екіншіден, ата-аналардың өтініші негізінде қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып кезекші сыныптар ашылады.

Елімізде жаңа оқу жылына дайындық қарқынды жүріп жатыр. 1-ші қыркүйектен бастап 2,5 миллион оқушы қашықтан оқыту форматында білім алады. Республикадағы эпидемиологиялық жағдай мен ата-аналардың өтінішін ескеріліп, кезекші сыныптар ашылатын болады. Балалар тек бір кабинетте бір мұғаліммен ғана оқиды. Үзілістер әртүрлі уақытта болып, ал сыныптағы бала саны 15-тен аспайды.  

Асхат Аймағамбетов, ҚР білім және ғылым министрі:

Кезекші сыныптарға өтініштер қолжетімді байланыс құралдары арқылы электронды түрде қабылданады. Сонымен, алдын ала болжам бойынша интернет платформалар мен теледидарды пайдалана отырып, қашықтан оқыту форматында 2,6 млн оқушы, кезекші сыныптарда 530 мың бала, штаттық түрде ауылдарда 157 мыңнан астам оқушы білім алады деп күтілуде.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдарда да кезекші топтар ұйымдастырылады. Онда топтағы балалардың саны 15-тен аспауы керек. Арнайы білім беру мекемелерінің жұмысы да басты назарда. Денсаулығында күрделі проблемалары бар балалар алдын-ала жазылу тәртібімен жеке жүргізіледі. Колледждер зертханалық жұмыстарын штаттық режимде жүргізе алады. Ал жоғары оқу орындарындағы оқыту қашықтан болады.

Асхат Аймағамбетов, ҚР білім және ғылым министрі:

Бакалавриатты педагогикалық, ІТ және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар бойынша, медицина және өнер мамандықтары бойынша дәрістер мен семинарлар (70 %) онлайн форматта, ал зертханалық және практикалық сабақтар (30%) күшейтілген санитарлық шараларды қатаң сақтай отырып, дәстүрлі форматта өткізуге мүмкіндік беремін.

Білім жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі – компьютер тапшылығы. Бүгінгі таңда республика бойынша 185 мың білім алушының компьютері жоқ. Тапшылық әсіресе, көп балалы және аз қамтылған отбасыларда байқалады. Үкімет басшысы оқыту әдістемесін толық пысықтап, 20 тамызға дейін алдағы оқу үрдісі туралы толық ақпарат беруді және онлайн режимде республикалық ата-аналар жиналысын ұйымдастыруды тапсырды.

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

Үкімет аса мұқтаж отбасылардың балаларына пайдалану үшін шамамен 500 мың компьютер беруді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ әкімдіктер жергілікті деңгейде компьютер техникасымен қамтамасыз ету мәселесін қамтамасыз етсін. Осы жылдың 25 тамызына дейін оқушылар мен педагогтердың оқу жылының қашықтан басталуына толық дайын болуы керек. Мұғалімдердің тиісті оқудан өткізілуін, интернет-платформаларда және теледидарда қажетті телесабақтардың дайындалуын қамтамасыз етсін.

Сонымен қатар, Цифрлық даму министрлігіне әкімдіктермен және байланыс операторларымен бірлесіп, білім беру ресурстарының колжетімділігін, елді-мекендерде интернеттің сапасы мен жылдамдығын қамтамасыз етуді тапсырды.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУ МАҢЫЗДЫ
18:47, 27 қыркүйек 2020
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУ МАҢ...
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ САҚТАЛАДЫ
18:44, 27 қыркүйек 2020
ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ САҚТАЛАДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ МАҢҒЫСТАУДЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
18:27, 27 қыркүйек 2020
ЕЛБАСЫ МАҢҒЫСТАУДЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...